Жейде
Жейде (ерлер көйлегі). Киілуіне және маусымына қарай жейде түрлі маталардан және трикотаждан тігілуі мүмкін. Жейденің размерін мойын өлшемі мен кеуде өлшемі арқылы анықтайды. Әр размерге жағаның белгілі бір өлшемі мен бойға байланысты ұзындық сәйкес келеді. Түрлі түсті матадан спорттық үлгідегегі ерлер жейдесі. Кішкентай қайырма жаға. Түймелігі планкада. Кеудесінде сырылған жапсырма қалта бар. Қалталық бір жағында безендіргіш деталь.
Қажетті мата мөлшері: 170—100—82 размеріне матаның ені 130 ем болған күнде 2 м 10 ем жұмсалады.
Жағамшман жеттерді жөндеу. Ерлер жейдесінің жағасы мен манжеттері жейденің өзіне қарағанда тез тозады. Кейде оларды айналдырыл тікседе болады. Ал бұндай мүмкіндік болмаған күнде жаға мен манжеттерді жаңадан тігу керек. Жағаны жөндеу. Егер жатаның бүктелген жерінің үстіңгі қабаты селдірей бастаса, онда жағаны сөгіл алып, тозған жерге жамау салады немесе сол жердің астына өзі түстес мата салып тігеді.
Жағаны бұрынғы іш жағы сыртына қарап тұратындай етіп айналдырып, үтіктеп, бұрынғы орнына көктеп және ұқыптап тігеді. Егер жаға мүлде тозып кетсе, оны ауыстыру қажет. Жақ айы сөгіп алып, астар жағы мен арасына салынған матаны жыртып алмай, абайлап барлық тігістерін сөгеді.
Үтіктен жазып, матаның қалдығынан немесе жейденің етегінен жаңа жаға пішеді. Үстіңгі және астыңғы қабаттарын бір-біріне беттестіре салып, оның үстінен аралық мата салады да, көктеп, шетінен тігіл шығартады. Одан кейін айналдырыл шетінен 0,5 ем қашықтықта тігіп, жағаны қайтадан өз орнына келтіріп тігеді. Егер жағаның асты тозса, оны мойын ойындысынан сөгіп алып, тозған жерін жамайды. Содан кейін жаға астының теріс жағы оңға қарайтындай етіп айналдырады. Сол кезде ілгек оң жаққа шығады. Оны жақсылан тігіл тастап, үстінен түйме қадайды, ал екінші жағына жаңадан ілгек жасайды.
Манжегтерді жөндеу. Түйме қадалған қарапайым манжеттердің тозған шетін түгелдей қайшымен қиып тастап, шетін ішіне қарай бүгіл тігеді. Машина тігісі екі рет — біріншісінде ең шетінен, екіншісінде шетінен 0,5 ем қашықтықта жүргізіледі. Егер манжеттер тез тоз ып кетсе, оны сөгіл алып тастап, матаның қалдығынан немесе жейденің етегінен ескі манжетті үлгі ете отырып, жаңасын пішеді. Үстіңгі және астыңғы қабаттарын беттестіріп, көктеген соң машинамен тігіл, айналдырыл, шетінен 0,5 ем қашықтықта тағы тігіс жүргізіп, манжетті жеңге жалғайды. Запонка тағыл атын қайырмалы манжеттердің әдетте бүктелген жері тозады. Оларды жейдеден сөгіп алып, тозған жерін жағалы жамағандай етіп жамайды. Манжеттің сыртын ішіне қаратыл айналдырады. Үтіктеg, көктеп, жеңге жалғайды..[1][2][2]
Сыртқы сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- ↑ a b Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |