Мазмұнға өту

Айыр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Айыр (айрық) деген бетті қараңыз.

Айыр — ауыл шаруашылығында қолданылатын қол құралы.

Жасалынған материалына байланысты ағаш айыр, темір айыр деп бөлінеді. Ертегі дәстүрлі ағаш айыр табиғи ағаштың аша келген жерінен, не болмаса бірнеше ағаштан сабы мен басының тармақтарын (ақаларын) біріктіріп, қиюластыра байлау арқылы жасаған. Соған сай қанша тармақтан байланысты жасалғанына байланысты айырды бесақа, ұшақа, тортақа деп деп беліп атайды. Мұндай түрлер Қазақстанның оңтүстік өңіріне тән. ҚР MOM қорындағы ағаштан қиюластырып кұрастырған айырдың бірі (КП 1614) бір құлаштай болатын ағаш сап басына көлденеңі бір жарым қарыстай ағаш мықтап бекітілген. Ұзындығы 160 см, басының ені 43 см. Көлденең ағашқа қайыс таспалармен саусақ жуандықтарындай, екі жарым қарыстай алты шыбық орта тұстарынан ашаланып, бастары сапқа біріктіріле бекітілген.

Caп ұзындығы қолданысқа байланысты әр түрлі болады. Жерден көлік үстіне шоп алып беретін айыр сабы ұзын, жуан келсе, күнделікті шөп салатын айырдың сабы қарағанда әлдеқайда қысқа, әрі қолға ықшам болып келеді. Кейінгі кезде темір материалдың көбеюіне байланысты берік деп темірден соғылған айыр көбейді. Оның басы бірнеше тармағымен қоса суғынып тұратын сап орны жасалып оған шетен, қайың, тал секілді берік ағаштан сап сапталады.

Айыр қолданысына, бас тармақтарына қарай үш түрлі болады: тісі-төрт немесе үш бұтақты пішен айыр; үстіңгі жақ негізгі бутагына қосымша екі бұтағы бар сабан айыр; қызылша, картоп жинау үшін қолданылатын тармақ ұштары тойтарылып, домалақ етіп жасалынған тойтарма айыр деген түрге бөледі. Тойтарма айырдың ерекшелігі бұтақ өнімге зақым келтірмейтіндей жасалынады. Қалыптасқан наным-сенім бойынша айырдың ұшын көкке қаратып қоюға және де жолға көлденең тастауға тыйым салады. Себебі, біріншіден, абайсызда мал мен адам жарақаттануы мүмкін, екіншіден, жалпы үшкір затты аспанға қаратуға болмайды, өйткені жаратқан ис көкте деген түсінік болған. Жаратқан көкке (Тәңірге) қарсы үшкір затты кезегенмен бірдей деп түсінген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2