Мессия
Көрініс
Мессия (көне еврей. машиах, грек. Chrіstos) — тікелей мағынасы «маңдайы майланған». Зәйтүн майымен майлау бағзы заманда патшаларды таққа отырғызғанда немесе дін қызметкері атағын алғанда өткізілетін салтанаттың құрамдас бөлігі.
Яһудилікте «машиах» сөзінің астыртын мағынасы — «патша». Яһудилер Дәуіт пайғамбардың ұрпағынан шығатын мінсіз патша Израиль халқын және адамзатты құтқару үшін Құдаймен жіберіледі деп сенеді. Христиандық дәстүрде сонымен қатар «құтқарушы» термині қолданылады.