Метеороид

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Метеор бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Метеорлық дененің зымырауы

Метеороид немесе метеорлық дене (гр. μετέωρος – ауадағы) – ғарыш кеңістігінде қозғалатын аса үлкен емес қатты дене.

Олардың өлшемдерін кей ғалымдар 10 метрге дейін деп бағаласа,[1] басқалар бұған 1 метрге дейінгі нысандарды жатқызады.[2] Егер олар Жерге жетіп, атмосферада жанып кетсе, онда байқалған құбылысты метеор деп атайды.

Метеорлық дене атмосфераға еніп, онымен әсерлескен кезде бастапқы массалары өзгереді. Сол кезде метеорлық денеде иондалған із пайда болады. Ол қараңғы аспанда тез қозғалып, жұлдыз тәрізді болып көрінеді де, бір сәтте жоқ болып кетеді. Сондықтан да оны ертеде халық “ақпа жұлдыз” деп атаған. Олардың кейбір жарықтары жер бетіне метеорит болып түсуі мүмкін. Метеорлар Жер атмосферасымен әсерлескенде метеор ағыны байқалады, ол ағынның ішіндегі жылдамдығы күштілерін метеор жауыны деп атайды. Метеор жайлы ғылым метеор денелердің атмосферамен әсерлесуін және метеор ізіндегі процестерді, планетааралық кеңістіктегі метеор затының қалай пайда болғандығын, оның құрылысын, онда болып тұратын өзгерістерді қарастырады. Метеор өте ерте заманнан белгілі, ол жайында аңыздар да көп. Б.з.б. 2000 ж. Ежелгі Египетте ең алғаш жазылып қалдырылған құжаттарда мағлұмат берілген. Ежелгі грек философтарының кейбіреулері метеорды Жерге ағып түсіп, сөніп қалатын, көрінбейтін жұлдыз десе, басқалары метеорды қатты қызып шытынаған Күннің сынығы деген ойлар айтқан. 19 ғ-дың аяғына дейін метеорды көзбен ғана бақылауға мүмкін болса, ал 20 ғасырдың орта шенінде оны телескоп арқылы бақылауға қол жетті. Осы кезден бастап фотоға түсіру және радиолокациялық тәсіл қолданыла бастады. Метеорға фотоэлектрлік, электронды-оптикалық және теледидарлық бақылаулар жүргізілетін болды. Метеорлық денелер Күнді айнала эллипстік орбита бойымен қозғалып, атмосфера қойнауына 11-ден 73 км/с-қа дейінгі жылдамдықпен енеді. Атмосферамен әсерлесуі оның массасына байланысты. Массасы ~10–9 г-нан аз болатын өте ұсақ метеор денелер 110 – 130 км биіктікте тежеліп қалады, олар тез буланып үлгірмей Жер бетіне микрометеориттер түрінде түседі. Ал массасы 10–9 г-нан үлкен метеорлық денелер атмосфераға терең еніп, жоғары темп-раға (беткі қабаты –104К) дейін қызып, түгелдей жоғалып кетеді (шашырайды немесе буланады).

Массасы ~10 граммнан артық аса жарық метеорлық денелер болидтер деп аталады. Тозаңдану нәтижесінде өзінің бастапқы массасынан айырылған ұсақ метеорлық денелер жер бетіне өте ұсақ метеориттер түрінде (жылына 104 – 105 т) келіп түседі. +1-ден –10-жұлдыздық шамаға дейінгі жарық метеордың спектрлерін зерттеу нәтижесінде метеордың молекулалық жолақтары әлсіздеу келген спектрлердің ашық эмиссиялық сызықтарын шығаратындығы анықталды. Метеордың спектріндегі мұндай сызықтар ұе, Nа, Мg, Мg+, Са, Са+, Сr Sі+, N, О атомдары мен иондарында болады. [3]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Beech, Martin; Steel, Duncan (September 1995). "On the Definition of the Term Meteoroid". Quarterly Journal of the Royal Astronomical Society 36 (3): 281–284. Bibcode 1995QJRAS..36..281B. )
  2. Rubin, Alan E.; Grossman, Jeffrey N. (January 2010). "Meteorite and meteoroid: New comprehensive definitions". Meteoritics & Planetary Science 45 (1): 114–122. Bibcode 2010M&PS...45..114R. )
  3. Қазақ Энциклопедиясы