Мазмұнға өту

II Маруан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Маруан ибн Мұхаммед ибн Маруан
مروان بن محمد بن مروان بن الحكم
Лауазымы
Мүміндер әмірі және Умәйядтар халифатының 14-ші халифі
4 желтоқсан 74425 қаңтар 750
(Лақап аты Саңырау Маруан)
Ізашары III Йазид
Ізбасары Әс-Саффах (Аббасидтер халифі ретінде)
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 691 (0691)
Қайтыс болуы 6 тамыз 750 (0750-08-06)
Файюм, Мысыр
Династия Умәйя әулеті
Маруан ибн Мұхаммед ибн Маруан Ортаққорда

II Маруан (Маруан ибн Мұхаммед ибн Маруан; Маруан әл-Химар; Саңырау Маруан) (6886 тамыз 750) — Дамаск қаласында билік құрған, Умәйя әулетінен шыққан соңғы 14-ші араб халифі (744750). I Маруанның немересі. Атақты қолбасшы.

Таққа отырмас бұрын 12 жыл ішінде Маруан Оңтүстік Кавказды наменгер ретінде биледі (732744). Ол Гүржістанға басып кіріп, Түменшаһты бітімге мәжбүрлеп, Аландардың үш бекінісін жаулап алады. Хазарлар мен аландарға қарсы жүргізілген соғыстардан кейін Маруан халифат қорғаныс күштерін қайта құру қажеттігіне көз жеткізеді.

II Уәлидтің тақтан түсірілгендігін естігенде Армениядағы халиф туыстарына көңіл білдіру хатын жолдайды.

Бастапқыда II Маруан әл-Уәлидті тақтан тайдырған III Йазидтің билігіне қарсы болады, алайда кейін билігін мойындайды.

743 жылы өзінің немере інісі халифа Хишамның өлімі жайлы хабарды естіген Маруан Дамаск қаласына асығып, өзін халиф етіп жариялайды (744).

Маруанның Ұбайдұлла және Абдалла есімді екі ұлы болған. Олар губернатор болып тағайындалып, билікті күшпен ұстап отырды.

Сол кезде Умәйядтар халифаты ыдырау үстінде еді. Жаңа тағайындалған халифаға қарсы бүкіл империя көтерілді. Маруан бір жарым жыл ішінде Сириядағы көтірілісті басып шығады; оның бақылауынан шығып кеткен Месопотамия жерлерінің кей бөліктері харижиліктерден қайтарылып алынды, алайда шығыста шииттердің көтерілісі өте кең етек жая бастады. 749 жылдың 2 қыркүйегінде шииттер Куфаны басып алады; бірнеше аптадан кейін, 28 қараша күні Мұхаммед пайғамбардың немере інісі Абдуллаһ ибн Аббастың шөбересі Әс-Саффах халиф болып тағайындалды.

25 қаңтар 750 жылы Маруанның әскері Үлкен Заб (қазіргі Тигр саласы) өзенінің түбіндегі шайқаста шииттердің Месопотамияға басып кірмеуі үшін бөгет жасау үстінде Аббас әулеті мен шииттерді қолдаған Әбу Муслимнен жеңіліс табады. Шайқас барысында умәйя әулетінің барлығы дерлік мүшесі, яғни үш жүзден астам мүшесі қаза тапты. II Маруан Дамаск, Палестина және Иордания ақрылы Мысырға қашып, сол жерде ұсталып 750 жылдың 6 тамызында дарға асылады..

Маруанның ұлдары Эфиопияға қашып үлгереді, сол жерде Ұбайдұлла қайтыс болады. Умәйя әулетінен шыққандардің ішінде ең бақыттысы I Әбдіррахман болды, ол Испаниядағы Кордоба әмірлігінің негізін салады (756).

II Маруан
Туған күні: 691 Қайтыс болған күні: 6 тамыз 750
Ізашары:
III Йазид
Ислам халифатының халифі
Умәйядтар халифаты

4 желтоқсан 74425 қаңтар 750
Ізбасары:
Әс-Саффах (Аббасидтер халифі ретінде)