КГА 🇰🇿
3.6K subscribers
2.74K photos
142 videos
4 files
427 links
Комитет гражданской авиации МТ РК
Авиационная администрация
Казахстана

💻 www.aaq.kz

www. aviation.miid.gov.kz

🤳 https://facebook.com/caakaz/


📱Instagram: https://www.instagram.com
Download Telegram
Қазақстан Safety Roadshow 2026 конференциясында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету ұйымдарын сертификаттау тәжірибесін таныстырды

Қырғызстанда ұшу қауіпсіздігі, авиациялық техниканы пайдалану және авиация саласындағы қауіпсіздік мәдениетін дамыту мәселелеріне арналған Safety Roadshow 2026 конференциясы өтті. Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering компаниясы ұйымдастырған іс-шараға Орталық Азия елдерінің авиациялық билік органдарының өкілдері, тікұшақ операторлары, инженерлер және ұшу қауіпсіздігі саласының мамандары қатысты.
Safety Roadshow бағдарламасы аясында қатысушылар тәуекелдерді басқарудың өзекті мәселелерін, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелерінің (SMS) тиімділігін арттыруды, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ әртүрлі пайдалану жағдайларында тікұшақтардың ұшу жарамдылығын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Конференция барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің Ұшу жарамдылығы департаментінің коммерциялық әуе көлігі басқармасының басшысы – бас авиациялық инспектор Ермек Дәутбаев «Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидалары» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция аясында сондай-ақ күрделі климаттық және географиялық жағдайларда тікұшақтарды пайдалану бойынша практикалық тәжірибелер қарастырылып, ұшу және инженерлік-техникалық персоналды даярлау бағдарламаларын жетілдіру бағыттары, Орталық Азияның авиация мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту мен құзыреттерді дамыту, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік стандарттарын авиациялық ұйымдардың күнделікті қызметіне енгізу мәселелері талқыланды.
2👍1
Казахстан на Safety Roadshow 2026 представил опыт сертификации организаций по техническому обслуживанию воздушных судов

В Кыргызстане прошла конференция Safety Roadshow 2026, посвященная вопросам безопасности полетов, эксплуатации авиационной техники и развитию культуры безопасности в авиационной отрасли. На мероприятие, организованное Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering, собрались представители авиационных властей, операторов вертолетной техники, инженеров и специалистов по безопасности полетов из стран Центральной Азии.
В рамках программы Safety Roadshow участники обсудили актуальные вопросы управления рисками, повышения эффективности систем управления безопасностью полетов (SMS), технического обслуживания воздушных судов, а также обеспечения летной годности вертолетной техники в различных эксплуатационных условиях.
С докладом на тему «Правила сертификации и выдачи сертификата организации по техническому обслуживанию и ремонту авиационной техники гражданской авиации в Республике Казахстан» выступил руководитель управления коммерческого воздушного транспорта – главный авиационный инспектор департамента летной годности Авиационной администрации Казахстана Ермек Даутбаев.
В ходе конференции были рассмотрены практические кейсы по эксплуатации вертолетов в сложных климатических и географических условиях, обсудили направления совершенствования программ подготовки летного и инженерно-технического персонала, важность укрепления профессионального сотрудничества и развития компетенций авиационных специалистов Центральной Азии, а также вопросы внедрения международных стандартов безопасности в повседневную деятельность авиационных организаций.
Арқалық қаласының әуежайына IATA халықаралық коды - AYK ресми түрде берілді
 
Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ҚР Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын, бұрын қолданылған және қазіргі уақытта қалпына келтірілген - AYK ресми кодын берді.

Бұл код бірегей болып табылады және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуебилеттерін рәсімдеу жүйелеріне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
👍1
2
Аэропорту города Аркалык официально присвоен международный код IATA — AYK
 
В рамках поручения Главы государства по реконструкции аэропорта города Аркалык, Министерством транспорта РК проведена работа по присвоению аэропорту кода IATA.

По итогам данной работы, 12 августа 2026 года Международная ассоциация воздушного транспорта (IATA) официально присвоила аэропорту Аркалык трехбуквенный код - AYK, который ранее использовался аэропортом Аркалыка и в настоящее время восстановлен.

Данный код является уникальным и позволяет интегрировать аэропорт Аркалык в мировые системы бронирования и оформления авиабилетов, расписания рейсов и другие глобальные информационные системы гражданской авиации.
👍51
Қазақстан мен Түркия тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті
 
2026 жылғы 13–14 тамызда Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының авиация билігі арасында келіссөздер өтті. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, ал түрік делегациясын Түркия Республикасының Азаматтық авиация бас басқармасының бас директоры, профессор, доктор Кемал Юксек басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026 жылғы 14 тамызда тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы жаңа меморандумға қол қойды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, негізгі бағыттар бойынша (Ыстанбұлдан Астана, Алматы және Шымкент қалаларына, Анкарадан Астана және Алматы қалаларына) екі тараптың әуекомпаниялары үшін рұқсат етілген рейстер саны аптасына 76-дан 138 рейске дейін ұлғайтылды.

Туристік бағыттар бойынша (Анталья және Бодрум қалаларынан Қазақстан қалаларына) рейстер саны аптасына 44-тен 86 рейске дейін арттырылды.

Осылайша, жоғарыда аталған бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстердің жалпы саны аптасына 120-дан 224 рейске дейін көбейді.

Қалған барлық бағыттар бойынша екі тараптың әуе компанияларына аптасына 14 рейске дейін орындауға мүмкіндік көзделді. Бұл тікелей әуе қатынасын кеңейтуге және өңірлік көлік байланыстылығын дамытуға жағдай жасайды.

Сонымен қатар, екі тарап үшінші елдерге тасымалдарды жүзеге асыру мақсатында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдалана отырып, 76-ға дейін жүк рейсін орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Келіссөздер барысында тараптар азаматтық авиацияның кең ауқымды бағыттары бойынша ынтымақтастықты жандандыру жөнінде де уағдаласты. Атап айтқанда, әуе көлігін мемлекеттік реттеу, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру, әуежай инфрақұрылымын дамыту және саланы цифрландыру мәселелері қамтылды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Әуе қатынасының кеңеюі әуе тасымалдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, жолаушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, туристік ағындардың одан әрі өсуіне, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және екі достас мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
👍2
Казахстан и Турция значительно расширили возможности для выполнения регулярных авиаперевозок
 
13–14 августа 2026 года в г. Стамбул (Турция) состоялись переговоры авиационных властей Республики Казахстан и Турецкой Республики. Казахстанскую делегацию возглавила Председатель Комитета гражданской авиации Министерства транспорта Республики Казахстан Салтанат Томпиева, турецкую делегацию — Генеральный директор Главного управления гражданской авиации Турецкой Республики профессор, доктор Кемаль Юксек.  

По итогам переговоров 14 августа 2026 г. стороны подписали новый Меморандум о взаимопонимании в области гражданской авиации, направленный на дальнейшее укрепление сотрудничества и расширение воздушного сообщения между двумя странами.

Так, согласно достигнутым договоренностям, по основным направлениям (из Стамбула в Астану, Алматы и Шымкент, из Анкары в Астану и Алматы) количество разрешенных рейсов увеличено с 76 до 138 в неделю  для авиакомпаний обеих сторон.

По туристическим направлениям (из Антальи и Бодрума в города Казахстана) с 44 до 86 рейсов в неделю .

Тем самым, общее количество разрешенных рейсов по вышеуказанным маршрутам увеличено с 120 до 224 рейсов в неделю .
На всех остальных маршрутах предусмотрена возможность выполнения до 14 рейсов в неделю авиакомпаниями обеих сторон, что создаёт условия для расширения прямого авиасообщения и развития региональной связанности.

Также достигнута договоренность выполнять до 76 грузовых рейсов для обеих сторон с использованием 5 степени свободы воздуха для осуществления перевозок в третьи страны.

Вместе с тем, в ходе переговоров стороны также договорились активизировать сотрудничество по широкому кругу направлений гражданской авиации, включая государственное регулирование воздушного транспорта, обеспечение безопасности полетов и авиационной безопасности, расследованию авиационных происшествий, развитие аэропортовой инфраструктуры и цифровизацию отрасли.

Достигнутые договоренности стали очередным важным шагом в развитии стратегического партнерства между Казахстаном и Турцией.

Расширение воздушного сообщения позволит удовлетворить растущий спрос на авиаперевозки, создаст новые возможности для пассажиров и бизнеса, будет способствовать  дальнейшему  росту  туристических  потоков,  укреплению торгово-экономических связей и развитию сотрудничества между двумя дружественными государствами.
1👍1