2026 жылғы 16 маусымда 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында суретші Виктор Баландиннің «Таулар шақырады» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
2026 жылғы 10 маусым күні сағат 13:30-да Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Толқынды жырға айналдыру: Цзянсу провинциясының балалар гравюрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтеді.
2026 жылдың 12 маусымы 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Алексей Федорович Уткиннің «Қаладағы серуен» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді.
2026 жылдың 11 маусым күні сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық өнер музейінде талантты кескіндемеші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Омархан Құмардың «ҰЛЫ РУХ» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы мен каталогының тұсаукесер рәсімі өтеді.
2026 жылдың 3 маусымында сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінің Орталық көрме залында «Жанасу II – Соприкосновение II» республикалық көрмесі ашылады. Қазақстандық пастель өнері шеберлерінің бірлестігі дайындаған бұл көрме өткен жылы кәсіби орта мен өнерсүйер қауым тарапынан ерекше қызығушылыққа ие болған жобаның жалғасы болып отыр.