Дуэйн Джонсон
Дуэйн Джонсон | |
ағылш. Dwayne Johnson | |
Дуэйн Джонсон | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Дуэйн Дуглас Джонсон |
Туған күні | |
Туған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1995–2004, 2011–қазіргі |
Марапаттары |
Teen Choice Awards (2001) |
IMDb | |
Дуэйн Джонсон (ағылш. Dwayne Johnson, 1972 жылы 2 мамыр, Хейвард, АҚШ) — американдық балуан және киноәртіс, сонымен қатар Жартас (ағылш. The Rock) лақап атымен де әйгілі. 1996 және 2004 жылдар аралығында World Wrestling Federation/Entertainment (WWF/E) қатысқан. 2011 жылдан бастап қайтадан WWF/E жұмыс істейді. WWF/E сегіз дүркін чемпионы, WCW ауыр салмақтағы 2 дүркін чемпионы, 2 дүркін континентаралық WWF чемпионы және 5 дүркін WWF командалық чемпионы. Сонымен қатар Үштік Тәждің алтыншы чемпионы және 2000 жылы өткізілген Патшалық Шайқастың чемпионы.
2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. 2001 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ал 2002 жылы «Сарышаяндар патшасы» фильмінде басты рөлде ойнады. Оған қоса, Джонсон «Мумия қайта оралады», «Walking Tall», «The Rundown», «Doom», «Tooth Fairy», «The Other Guys», «G.I. Joe: Retaliation», «Геракл» фильмдеріне және «Форсаж» киносериясында және т.б фильмдерде жеке рөл ойнаған.[1]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дуэйн Дуглас Джонсон АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында 1972 жылы мамыр айының 2-ші жұлдызында АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында әйгілі балуан Соулмен Рокки Джонсон мен промоутер Ата Майвиа құрған шаңырақта дүниеге келген. Оның анасының отбасы полинездікке жатады және олар Самоа аралдарынан, ал әкесі нова-шотландық. Оның анасы жағындағы атасы Хай Чиф Питер Майвия да балуан болған, ал әжесі 1982 жылдан 1988 жылға дейін Polynesian Pacific Pro Wrestling акцияларына басшылық еткен.Балалық шағының бірнеше жылын Оклендте(Жаңа Зеландия) анасының отбасында өткізген. Оклендта Ричмонд Роад атындағы бастауыш мектепте оқыған. Кейін 11-ші сыныпқа дейінгі оқуын Уилльяма Маккинли атындағы орта мектебінде білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін Майами Университетіне оқуға түседі. 1995 жылы ол криминология және психология бойынша бакалавр дәрежесін алып университетті бітіреді. Универститетті бітіргеннен соң ол Канадалық футбол лигасының «Калгари Стампидерс» командасымен 3 жылдық келісімшартына қол қояды. Алайда, арқасынан алған ауыр жарақатының кесірінен кәсіби футболшы жолындағы мансабынан бас тартуға мәжбүр болды.
Жеке өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джонсон 1977 жылдың 3-ші мамырында Дэни Гарсиямен отбасы құрады. 2001 жылдың 14 тамызында олардың қызы Симон Александра дүниеге келеді. 2007 жылдың 1-ші маусымында бұл жұп бұдан әрі бірге тұрмайтынын, алайда жақын дос болып қалатындығын жариялады. 2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. Дуэйн Джонсон Калифорнияның ескі губернаторы Арнольд Шварценеггердің жақын досы.
Фильмдер тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жыл | Қазақша атауы | Түпнұсқа атауы | Рөл |
---|---|---|---|
1999 | 70-ші жылдарының шоуы | That '70s Show | Рокки Джонсон |
1999 | Желі | The Net | Броуди |
2000 | Даг | DAG | Рок |
2000 | Жұлдызды жол: Вояджер | Star Trek: Voyager | Чемпион |
2001 | Longshot | Ұры | |
2001 | Мумия қайта оралады | The Mummy Returns | Метаес |
2002 | Сарышаяндар патшасы | The Scorpion King | Метаес |
2003 | Амазон қазынасы | The Rundown | Бэк |
2004 | Walking Tall | Крис Вон | |
2005 | Be Cool | Эллиот Вильгельм | |
2005 | Дум | Doom | Эшер «Сержант» Махонин |
2006 | Екінші мүмкіндік | Gridiron Gang | Шон Портер |
2007 | Рено 911!: Маями | Reno 911!: Miami | агент Рик Смит |
2007 | Кори үйде | Cory in the House | өзін-өзі сомдаған |
2007 | Ханна Монтана | Hannah Montana | өзін-өзі сомдаған |
2007 | Ойын жоспары | The Game Plan | Джозеф Кингман |
2007 | Оңтүстік ертегілері | Southland Tales | Боксер Сантарос |
2008 | Ақылды бол | Get Smart | агент 23 |
2009 | Вэйверли Плэйс сиқыршылары | Wizards of Waverly Place | өзін-өзі сомдаған |
2009 | Мыстан тауы | Race to Witch Mountain | Джек Бруно |
2009 | Ғаламшар 51 | Planet 51 | капитан Чарльз «Чак» Бейкер |
2010 | Гриффиндер | Family Guy | өзін-өзі сомдаған |
2010 | Тіс перизаты | Tooth Fairy | Дерек Томпсон |
2010 | Кубта | Cubed | өзін-өзі сомдаған |
2010 | Неге біз қайта үйленеміз? | Why Did I Get Married Too | Дэниел Франклин |
2010 | Басқа жігіттер | The Other Guys | детектив Кристофер Дэнсон |
2010 | Қайтадан сен | You Again | авиация маршалы |
2010 | Жылдам | Faster | Джеймс «жүргізуші» Каллен |
2010 | Трансформерлер: Прайм | Transformers: Prime | Клиффджампер |
2011 | Форсаж 5 | Fast Five | Люк Хоббс |
2012 | Саяхат 2:
Жұмбақ арал |
Journey 2: The Mysterious Island | Хэнк Парсонс |
2013 | Сатқын | Snitch | Джон Мэтьюз |
2013 | G.I. Joe: | G.I. Joe: Retaliation | Марвин Хинтон / Роудблок |
2013 | Бейнет пен зейнет | Pain & Gain | Пол Дойл |
2013 | Форсаж 6 | Fast & Furious 6 | Люк Хоббс |
2013 | Эмпайр-стейт | Empire State | Джеймс Рэнсом |
2014 | Геркулес | Hercules | Геракл |
2015 | Форсаж 7 | Furious 7 | Люк Хоббс |
2015 | Форсаж: Артық жүк | Fast & Furious: Supercharged | Люк Хоббс |
2015 | Сан - Андреас күйреуі | San Andreas | Рэй Гейнс |
2015 | Ойыншылар | Ballers | Спенсер |
2016 | Моана | Moana | Мауи |
2016 | Бір жарым тыңшы | Central Intelligence | Боб |
2016 | Big Trouble In Little China | Джек Бёртон | |
2017 | Джуманджи: джунгли шақыру | Jumanji: Welcome to the Jungle | доктор Смолдер Брэйвстоун |
2019 | Шазам! | Shazam! | Қара А′дам |
2019 | Форсаж: Хоббс пен Шоу | Fast & Furious Presents: Habbs & Shaw | Люк Хоббс |
2019 | Джуманджи: жаңа деңгей | Jumanji: The Next Level | доктор Смолдер |
2021 | Джунгли саяхаты | Jungle Cruise | Фрэнк |
2021 | Қызыл хабарлама | Red Notice | Джон Хартли |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Bulletin with Newsweek. J. Haynes and J.F. Archibald (November 12, 2016). Тексерілді, 12 қараша 2016.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ресми сайт
- Дуэйн Джонсон Twitter сайтында
- Дуэйн Джонсон Facebook-те
- Дуэйн Джонсон (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Дуэйн Джонсон WWE профилі