Ізтұрған Сариев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін үлгі-инфобокс енгізу қажет. |
Ізтұрған Сариев (1926, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылы) – ішкі істер қызметкері, полковник. Гурьев (қазіргі Атырау) мұнай техникумын (1948), ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) заң факультетін бітірген (1958). 1942 – 89 ж. Ұшқан мұнай барлау экспедициясында, Ішкі істер министірінің жүйесінде жұмыс істеді. 1995 ж. ОГПУ, НКВД құжаттары негізінде полковник Мұқаш Омаровпен бірігіп жазған Адай көтерілісі туралы «Ойрандалған адай даласы» атты деректі кітабы жарық көрді. «Хан Тобанияз» деген тарихи очеркі (1995), «Үш жүздің шежіресі» (1997), «Курсанттан министрге дейін» (1998), «Қанды ойран» (2001) атты кітаптардың авторы. «КСРО Ішкі істер министірінің еңбегі сіңген қызметкері» белгісімен, бірнеше медальдармен марапатталған.[1] [2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- ↑ «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |