Індет
Індет немесе пандемия (лат. pan + demia — бүкіл халық) — жұқпалы ауру қоздырғышының ауру ағзадан сау ағзаға жұғып, үздіксіз таралуы.
Індет ветеренарияда
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Малдың жұқпалы аурулары (аусыл, оба, қараөкпе, т.б.) алдын алу шаралары ұйымдастырылмаса Індетке айналуы мүмкін. Індеттің ауыр-жеңілдігі мен ұзақтығы ауру қоздырғышының таралу жолына, дамуының жасырын кезеңінің мерзіміне, ауырған мал және ауруға бейім мал санына, мал күтімі мен Індетке қарсы шаралардың ұйымдастырылуына байланысты. Мал Індетінің пайда болуы мен дамуына әр түрлі табиғи жағдайлар (ауа райы, топырақ, т.б) және әлеум.-экон. жағдайлар әсер етеді. Одан басқа а. ш. құрылысы, мал ш. дамуының дәрежесі, әлеум. қиыншылықтардың (соғыс, мекен ауыстыру, ашаршылық, экон. дағдарыстар, т.б.) әсері мол. КСРО тұсында мал ауруларының көптеген түрлері (оба, қараөкпе, маңқа, т.б.) жойылып, сондай-ақ топалаң, жамандат, шошқа обасы, т.б. аурулар сирек ұшырасты. Індет жағдайы мал ш-ның экстенсивті түрінен интенсивті түріне көшкенде кеми түседі. Індеттің жыл сайын немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және белгілі бір жыл маусымында пайда болатын түрлері (топалаң, оба, шешек, аусыл, т.б.) бар. Індет бірнеше сатыда дамиды: аралық сатыда ауру белгілі бір дәрежеде білініп, кең тарамайды. Індет алды сатысында ауру мал саны артып, Індет қоздырғышының кең таралуына қолайлы жағдай туа бастайды. Бұл кезде малдың иммунитеті кеміп, иммунитеті жоқ төлдер туады. Осы кезде Індет пайда болып, оның дамуы жеделдейді. Індеттің даму сатысында ауырған мал саны өте көп болады және оның жоғ. сатысында жаңадан ауырған мал саны артады. Індеттің бәсеңдеу сатысында жаңадан ауырған мал саны кеміп, малдың ауруға төзімділігі артады. Соңғы сатыда жаңадан ауырған мал байқалмайды, ауырған малдың көпшілігінде малдың көпшілігінде сол ауруға қарсы тұратын иммунитет қалыптасады. Ғылымның дамуына байланысты Індеттің пайда болуын болжау және оның алдын алу шараларын ертерек ұйымдастыру мүмкіндіктері туды. [1][2]
Пайдаланылған cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
- ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |