Іркібай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Іркібай – ортағасырлық қала. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан көне қала орны Шірік-Рабаттан 13 км жерде. Қала орнын 1946, 1958 ж. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедиция (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Бұл жерде орналасқан бірнеше тұрақты мекендердің, үйжайлардың жобалары байқалады. Қазба барысында қымбат тастан көз қойылған алтын сырға, мыс теңгелер және көзелердің сынықшалары жинастырылған. Бұл заттарға қарағанда, Іркібай тұрғындары 12–14 ғасырларда өмір сүрген. Олар егіншілікпен және мал өсірумен айналысқан. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы