Дивизия
Дивизия (лат. divisio — бөлу. бөліну) — көптегeн мемлекеттердің қарулы күштері түрлерінің негізгі тактикалық бірлестігі. Дивизия Ресейде және Францияда 18 ғасырдың басында пайда болыл, 19 ғасырда көптеген мемлекеттерде түпкілікті орнады. Қарулы Күштер түрлеріне және әскер түрі ұйымдастырылуына, қарулануына байланысты Дивизия жаяу әскер, атқыштар, мотоатқыштар, моторланған, механикалық, артиллериялық, танктік, атты әскер, әуе, әуе-десанттық, десант-шабуылдаушы, әуе шабуылына қарсы қорғаныс, танктік т.б. түрлерге бөлінеді. Ірі құрылымдар құрамында (армия, қанат, эскадра және т.б.), ал кей жағдайларда жеке дара ұрыс қимыддарын жүргізу үшін тағайындалады. Дивизия жаңа түрлерінің калыптасуы қарулы күштер мен әскердін жана түрлерінің пайда болуына және әскери техниканың дамуына негізделеді.
Дивизиялық артиллерия тобы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарсыластын тактикалық ядролық құралдарымен және артиллериясымен күресу үшін, оның резервтерін, радиоэлектрондық құралдарын және басқару пункттерін жою үшін, дивизия іс-әрекетінің негізгі бағытындағы полк артиллериялық тогітарының атысын күшейтуге арналған топ. Әдетте, дивизиялық артиллерия тобына бір немесе әр түрлі калибрлі бірнеше артиллериялық дивизион кіреді.
Дивизиялық біріккен қойма
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Материалдық құралдардың әр түрінен, заттық мүліктерді жөндеу шеберханасынан, далалық дивизиялық моншадан және күзет бөлімшесінен тұратын дивизияның тылдық жылжымалы мекемесі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|