Дискриминация

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дискриминация
Тақтайша «Тек қана ақтарға» ОАР

Дискриминация - (лат. Discriminatio - алалау, бөлектеу) - нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне немесе субмәдени топ мүшесі болғанына қарай азаматтарды құқынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі.[1] Дискриминацияның психологиялық алғышарты болып өзге топқа жатырқаушылықпен қарау саналады, ал ол жеке тұлға (Т. Адорноның классикалық зерттеулерінде бұл тұлға авторитарлы деп те аталады) дискриминациялық әрекеттерге тікелей қатыспауы да мүмкін.

Дискриминацияның түрлері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дискриминацияны заңдастыру арнайы идеологияларды (расизмді, сексизмді, эйджизмді, национализмді) ойластыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл идеологиялар философтардың, ғалымдардың, саясаткерлердің биологиялық, патерналистік, экономикалық мазмұндағы дәлелдердің кәмегімен ұзақ жылдар бойы құрған еңбегінің жемісі. Үстемдік және алалау идеологияларын құруда мәдени дәйектер аса маңызды рөл атқарады. Алалау идеологияларының міндеті - кемсіту әрекеттерінің қалыптылығын ақтау және құрылымдандыруға жағдай туғызу.

Алалаудың тікелей ("ашық"), жанама және жасырын ("жабық") түрлері анықталған.

  • Ашық алалаудың негізінде нақтылы бір топтардың мүшелеріне қолдау көрсетіп немесе оларға ашықтан-ашық құқай көрсетіп, кемсітеді.
  • Жанама алалау ресми түрде тең қатынастар іс жүзінде әртүрлі топтардың өкілдерін кемсіту шаралары болып табылады. Алалаудың жасырын түрінде үстемдік етуші топтардың санасында, мінез-құлқында алалауға ұшыраушыларға қаталдықпен, мойындамаушылықпен стереотипті ойлаудан көрініс табады. Егер алалау осы топқа жататындардың бәріне бірдей таралатын болса, онда ол - категория бойынша дискриминация.

Дискриминация төменгі болып танылатын саяси және экономикалық тұрғыда үнемі құқай көретін топтарды қалыптастырады. Көптеген батыстық зерттеушілердің пікірінше, дискриминация аса маңызды экономикалық саладағы теңсіздікті зандастыруға бағытталған. Осылайша, И. Валлерстайнның пікірінше, дискриминация - модерн заманында пайда болған әлемдік империяныц негізі, ал расизм мен сексизм - алалаудың тек ғаламдық жүйелері ғана емес, сонымен қатар, әлемдік еңбек бөлінісіндегі құрылымды иерархия болып табылады. Алалауға ұшырайтын топтар (әйелдер, "ақ нәсілге" жатпайтындар өкілдері, ұлттық мемлекет құрамындағы этникалық азшылықтар) үстемдік құрушы топтардың гүлденуіне жағдай туғызады. Дискриминацияны жою әлемдік жүйенің болашағы үшін жаңа идеологияны қалыптастыру және эгалитарлы институционалды және заңнамалық аппаратты қалыптастыру барысында ғана мүмкін болмақ.[2]

Тағы қараныз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3