Жадты басқару
Жадты басқару (Управление памятью; memory managment) — бар жадты есепке алу және программалар арасында үлестіру, сондай-ақ оған қатынас құруды жасақтау. Ж.б-дың мақсаты сақтауыш құрылғының әрбір типіне қатынасулардың ең жоғарғы тиімділігін және бар жадтың программалар арасында ұтымды үлестірілуін жасақтау болып саналады. Бірінші жағдайда дискіні бүркемелеу мысал бола алады, яғни тым жиі пайдаланылатын диск секторларын жедел жадқа сақтау ұйымдастырылады. Екінші жағдайда дискі мен жедел жад арасындағы беттік алмасуы бар виртуаль жадты ұйымдастыру. мысал бола алады. Ж.б. аппараттық және программалық құралдармен, сондай-ақ пайдаланушы әрекетімен жүзеге асырылады. Мыс., мәліметтерді жедел жадтан бүркеме-жадқа ауыстыру аппараттық жолмен орындалады, ал дискіні бүркемелеуді админ немесе бүркеме диспетчері деп аталатын тұлғалық программа басқарады. Ж.б. міндетін аткаратын программалар супердидарлар деп аталады және олар операциялық жүйенің құрамына кіреді. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |