Жас өспірім
Жас өспірім — адамның 13 пен 16 жас аралығындағы шағы. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдік-этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірім дербестікке, әсерге берілгіштікке салынып, қимыл-қозғалысқа құштар келеді. “Өзім білемге” салыну, ер жеттім деп ойлау кейде жаңсақ, теріс қылықтарға соқтыруы да ықтимал. Осы кезеңде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып, тиісті жерінде талап-тілектерін қолдап, түрлі қоғамдық пайдалы істерге (оқу, спорт, еңбек) белсенді түрде қатыстырып отыру керек.
Жас өспірім кездегі мәселелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сәтсіздік (жазалау) қорқынышы. Яғни, жас өспірімнің көбі өзінің қабілетін дұрыс еcептемей, бүкіл әрекеттердің түрлерін "идеалдық" деңгейде жасауға тырысады, сондықтан істің нәтижесі жаман болса, оларда қорқыныш пайда болуы мүмкін.
- "Жалғыздық" қорқынышы.
- Арманның жүзеге асырылмауы.
- "Сыртқы келбет" қорқынышы.
- Депрессияның пайда болуы. Жас өспірім кезеңде, адамдарда бірінші ауыр түрінде болатын, депрессия қалыптасуы мүмкін. Депрессия әр түрлі мәселелерден пайда болады (ал, жас өспірім кезде, сондай мәселелер жиі түрде қалыптасады).
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|