Жымқыру
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жымқыру, қылмыстық құқықта – мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті, сондай-ақ, бөтен біреудің мүлкін пайдакүнемдік мақсатпен немесе басқалай жеке мүддені қаузап, өзінің не басқа адамның пайдасына бола заңсыз алу, қайтарымсыз иелену, өзінің меншігіне айналдыру немесе өзінің меншігі ретінде билеу.
Кез келген материалдық құндылықтар (ақша, зат, тауар, шикізат, т.б.) жымқыру заты болуы мүмкін. Тәсілдеріне қарай жымқыру Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде мынадай түрлерге бөлінеді:
- ұрлық – біреудің мүлкін көрсетпей жымқыру,
- алаяқтық – алдау, сенімге ену жолымен біреудің мүлкін жымқыру,
- тонау – біреудің мүлкін ашық жымқыру, иемденіп кету немесе талан-таражға салу – біреудің өзіне сеніп тапсырылған мүлкін жымқыру,
- қарақшылық – біреудің мүлкін жымқыру мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылықпен шабуыл жасап тартып алу,
- қорқыту – біреудің мүлкін оған қоқан-лоққы жасау жолымен жымқыру.
- Сондай-ақ, билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану,
- бопсалау арқылы жымқыру түрлері де ұшырасады.[1]