Заха Хадид
Заха Хадид | |
Заха Мохаммад Хадид (араб.: زها حديد) | |
Жалпы мағлұматтар | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Жұмысы мен жетістіктері | |
Білімі |
Бейруттың Америкалық университеті, Сәулет мектебінің сәулет қауымдастығы (Лондон) |
Жұмыс істеген қалалар |
Лондон, Берлин, Инсбрук, Копенгаген, Цинциннати, Нью-Йорк, Мәскеу, Сарагоса, Рим, Баку |
Сәулет стилі | |
Басты құрылыстары |
MAXXI, Су спорты түрлері орталығы (Лондон), Гейдар Әлиев орталығы |
Заха Мохаммад Хадид (араб.: زها حديد ; ағылш. Zaha Mohammad Hadid ; 31 қазан 1950, Бағдат, Ирак — 31 наурыз 2016, Майами, АҚШ) — шығу тегі ирактық британ сәулетшісі және дизайнері. Деконструктивизм қозғалысының тұлғасы.
2004 жылы Притцкер сыйлығына ие болған алғашқы әйел-сәулетші. Сонымен қатар, 2010 және 2011 жылдары Стирлинг сыйлығының иегері - Ұлыбританиядағы ең беделді сәулет сыйлығы. Британ империясы орденінің Ханым-Командоры (2012).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Заха Хадид жоғарғы таптағы сүниттік отбасында 1950 жылдың 31 қазан күні Ирактың астанасы Бағдатта дүниеге келді. Оның әкесі, Мухаммад аль-Хадж Хусайн Хадид, Мосул қаласында бай өнеркәсіп иесі болған. Ол 1930 және 1940 жылдары аралығында елеулі саяси қауымдастық болып табылатын аль-Ахали сол жақ либерал тобының негізін қалаушысы. Сонымен қатар, ол Ирактағы ұлттық-демокртаиялық партияның негізін салушыларының бірі. Анасы, Ваджиха аль-Сабунчи Мосул қаласында дүниеге келген суретші. 1960-шы жылдары, әкесі Заханы және оның екі ағасын Еуропаға жібереді, олар Англия мен Швецарияда орналасқан миктеп-интернатына жиі баратын.
Кейін, 1972 жылы Заха Хадид, Сәулет мектебінің сәулет қауымдастығына түсер алдында, Ливанға көшіп, Бейруттың Америкалық университетінде математиканы оқыған. Сонда ол Рем Колхаспен, Элиа Зенгелиспен және Бернар Чумимен танысады. 1977 жылы университетті бітіргеннен соң, ол өзінің бұрынғы мұғалімдермен бірге (Зенгелис және Колхас) Роттердамдағы (Нидерландылар) Қалалық сәулет басқармасында (Office for Metropolitan Architecture (OMA)) жұмыс істеген. Колхаспен жақын қарым-қатынасы арқасында, ол инженер Питер Райсты кездестіреді. Питер оған қыин кездерде қолдау көрсетіп, шабыттандыратын.
2016 жылдың 31 қараша күні Майами қаласында бронхиттен емделу кезінде жүрек ұстамасынан қайтыс болды[1][2][3].
Мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1980 жылы Хадид Лондонда өзінің жеке сәулет агентігінің негізін қалады.[4] Оның халықаралық беделі 1988 жылы Нью-Йорк қаласындағы заманауи өнер мұражайында Филип Джонсон және Марк Вигли жетекшілік еткен "Сәулеттегі деконструктивизм" жаңашылдық көрмесінде әсерлі сәулет суреттерін қойғаннан кейін едәуір жоғары көтерілді.
Оқытушы қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1980-ші жалдарының ортасында, Хадид Гарвард университетіндегі жоғарғы дизайн мектебінің Кензо Танге меңгерген кафедрасында білім берген. 1990-шы жылдары, Иллинойс университетіндегі Чикаго сәулет мектебінің профессоры болған. Әртүрлі уақтта, ол Гамбургтегі Бейнелеу өнері университетінде (Hochschule für bildende Künste Hamburg (HFBK Hamburg)), Огайо Ұлттық университетіндегі Ноултон сәулет мектебінде, Колумбия университетіндегі Шеберлер студиясына және Йель сәулет университетіндегі Сәулет дизайннің арнайы профессоры ретінде шақырылған еді.
Хадид Америкалық өнер және әдебиет академиясының және Америкалық сәулетшілер институтының құрметті мүшесі. Ол сәулет қорындағы қамқоршылар кеңесінің мүшесі болған.[5]
2006 жылы Нью-Йорктегі Гуггенхайм мұражайында Заха Хадид жұмыстарының ретроспективасы өтті. Бұл құрметке тек қана екі сәулетші ие болды - Заха Хадид және Фрэнк Гери. Сонымен қатар, сол жылы ол Бейруттегі Америкалық университетінің құрметті атағына ие болды. 2008 жылы Хадид Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдер арасында 69-шы орынға ие болды.
Құрылыстар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2012 : Гейдар Әлиев орталығы, Баку, Әзірбайжан[6]
- 2010—2014 : Рабаттағы театрдың жобасы, Марокко.
- 2011 : CMA CGM Tower, Марсель, Франция
- 2011 : Су спорты түрлері орталығы, Лондон, Англия
- 2010 : XXI-ші ғасыр өнері Ұлттық мұражайы, Рим, Италия[7]
- 2007 : Фуникулер бекеті, Австрия
- 2006 : «Пуэрта Америка» қонақ үйі, Мадрид, Испания
- 2005 : BMW зауытының орталық ғимараты, Лейпциг, Германия
- 2005 : «Фэно» ғылыми орталығы, Вольфсбург, Германия
- 2005 : Арқан жолы бекеттері, Инсбрук, Австрия
- 2005 : Ордрупгаард өнер мұражайы: жаңа қанаты, Копенгаген, Дания
- 2002 : Трамплин Bergisel, Инсбрук, Австрия
- 2001 : Hoenheim-North вокзалы және автотұрақ, Страсбург, Франция
- 1998 : Цинциннатидегі Розенталь замануи өнер орталығы, Огайо, АҚШ
- 1994 : «Витра» дизайнерлік жиһазы өндіруші компаниясының өрт сөндіру бөлімі, Рейндегі Вайль, Германия
Басқа жұмыстары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2007 : Imm Cologne 2007-де көрсетілген мінсіз үйдің жобасы, Кёльн, Германия
- 2000 : Дивандар және үстел, Z-series,
- 1999 : Мыңжылдық күмбезінің астындағы Парасат аймағы, Лондон, Ұлыбритания
- 1992 : Гуггенхайм мұражайындағы «Ұлы утопия» көрмесінің безендіруі, Нью-Йорк, АҚШ
- 1990 : «Моондзун» мейрамханасының интерьері, Саппоро, Жапония
- Sawaya and Moroni фирмасына арналған жиһаз және күміс ыдыстар дизайні
Жобалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2006 : Севилья Университетінің кітапханасы, Севилья, Испания
- 2006 : Шиыршық мұнарасы, Барселона, Испания
- 2006 : Картал — Стамбұлдағы іскерлік ауданының құрылысы, Түркия
- 2006 : Иссам Фарес атындағы саясат және халықаралық қатынастар институты, Бейрут, Ливан
- 2005 : Сәулет қорының ғимараты, Лондон, Ұлыбритания
- 2005 : Мост-павильон, Сарагоса, Испания
- 2005 : Элефтерия алаңы. Қайта құрылыс, Никосия, Кипр Республикасы
- 2005 : Су спорты түрлері орталығы, Лондон, Ұлыбритания
- 2005 : Опера театры, Гуанчжоу, Қытай
- 2004 : Клуб с концертным залом, Базель, Швейцария
- 2007—2011 : Тондэмун сауда орталығы және іргелес аумақ, Сеул, Оңтүстік Корея
- 2009—2012 : СОСО Galaxy Soho, Бейжің, Қытай[8][9]
- 2009—2013 : Вена экономикалық университетінің қалашығы, Вена, Австрия
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ушла из жизни архитектор Заха Хадид. Росбизнесконсалтинг (31 наурыз 2016). Тексерілді, 31 наурыз 2016.
- ↑ Architect Dame Zaha Hadid dies after heart attack. bbc.com (31 наурыз 2016).
- ↑ В США скончалась известный архитектор Заха Хадид. Украинские новости. ukranews.com (31 наурыз 2016).
- ↑ Biography: Zaha Hadid The Pritzker Architecture Prize. pritzkerprize.com.
- ↑ The Architecture Foundation Board of Trustees Architecture Foundation. architecturefoundation.org.uk. Тексерілді, 1 сәуір 2016.
- ↑ Photo from Reuters Pictures. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 қаңтар 2009. Тексерілді, 17 қаңтар 2009.
- ↑ Maxxi_Museo Nazionale Delle Arti Del XXI Secolo. Darc.beniculturali.it. Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қазан 2009. Тексерілді, 17 қаңтар 2009.
- ↑ Заху Хадид обвинили в «разрушении» старого Пекина. // Lenta.ru
- ↑ Galaxy Soho – Architecture – Zaha Hadid Architects. Zaha-hadid.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 наурыз 2014. Тексерілді, 18 наурыз 2014.