Зауропод

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Заупопод

Заупопод(лат. Sauropoda) – бауырымен жорғалаушылардың кесіртке жамбасты динозаврлар отрядының бір тармағы.


Юра және бор кезеңдерінде Антарктидадан басқа құрлықтың бәрінде тіршілік еткен. Заупоподтың қаңқа сүйектері Қазақстанда Қызылорда облысынан табылған.

Бұл ірі жануардың дене тұрқы 30 м-дей, басы денесіне қарағанда өте кішкене, мойны мен құйрығы ұзын, жоғарғы жақ сүйектерінде 12 – 17, ал төменгісінде 10 – 16 ұсақ, жалпақ тістері болған. Танау қуысы көз шарасына жақын орналасқан, маңдай бөлімі қысқа, мойын омыртқасының саны 12 – 17, арқа омыртқасы 10 – 13, сегізкөзінде 3 – 6, ал құйрығында 80-дей омыртқасы болған. Аяғы 5 башайлы, алдыңғы 3 башайының ұшында өте үлкен әрі үшкір тұяқтары бар. Тістерінің құрылысына қарағанда олар шөп қоректі жануарлар, таяз суларда, жағалауларда мекендейді. Ал кейбір ғалымдар олардың үлкен денесіне, салмағына (40 т-нан астам) қарап, суда тіршілік еткен деген пікірді қолдайды.


Заупоподтардың 13 тұқымдасқа, 70-тей туысқа бірігетін 130-дей түрі белгілі. Олардың ішіндегі негізгі өкілдері – диплодок, апатозавр, брахиозавр.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Sauropoda