Ине
Ине[1] - ұзын, жіңішке, өткір ұшты, келесі ұшында тетігі бар, қатты құралдан (бұрын сүйектен) жасалатын зат. Белгілі бір затты күйзелту және деформациялау арқылы жаңа зат өндіру үшін қолданылады. Иненің үшкір ұшының кішкентай аумағына сәйкес ине бойындағы күш азғантай аумаққа шоғырланады. Сонымен қатар, осы пішінге ұқсайтын заттар да ине деп аталады. Ине өлшемі нөлге тиесілі жүздің бір түрі.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тарихи деректерге сүйенсек, алғаш инелер балықтардың сүйектерінен, өсімдіктердің тікенектерінен жасалған. Темірден жасалған инелер б.з.д. 100 ж. пайда болған.
Иненің құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- үшкір жағын - ұшы; - ұшына қарсы жуан жағын - дүмі; - осы дүмнің доғал басын - шүйде; - шүйде мен ұштың ортасын, яғни ұзына бойын - тұрқы; - дүміндегі жіп өткізетін тесігін - көзі немесе жасуы дейді. (Қазақ халқы ширақ, епті адамды "иненің көзінен өткендей" деп атайды).
[2]>
Ине түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қолданысы бойынша түрлері:
- Тігін инелері - олар өз кезегінде қол инесі және машиналық болып бөлінеді. Қол инесіне қарапайым жіпке арналған құлағы бар инелерді жатқызуға болады: кестелік, тігіншілік, етіктік түйреуіш пен ілгектер. Машиналық инелер тігін машиналарда қолданылады. Тігін машиналарға арналған инелер өлшемі мен пішіні бойынша әртүрлі бола алады. Жұмыс кезінде матаның құрылысына және жіптің түріне қарай инелер таңдалынады. Иненің нөмірі милиметрдің жүздік бөлігінде жазылады (70, 90, 120) - нөмірдің үлкендігіне иненің қалыңдығы сәйкес келеді. Маталық материалдың жібін минималды түрде зақымдайтын арнайы тегіс ұшты инелер, тері, резеңке және мата емес материалдарды тігетін үшкір жиекті инелер және тоқымаға арналған ұшы дөңгеленіп келген инелер бар.
- Медициналық (сипатты белгісі - зарарсыздандырылуы):
- Биологиялық сұйықтықты жинайтын - инфузиялық, инъекциялық инелер. Әдетте енгізуге арналады: шприцтер мен дәрі тамызғыштар.
- Хирургиялық инелер - арнайы биологиялық ұлпаларды тігуде сараланады.[3]
- Пункциялық инелер - құрсақ қуыстары мен ағзадан сұйықтық алу үшін қоланылады.
- Басқа да техикалық (дауыс сөндіретін инелер, қақпақша инелері) инелер.
Бітім-тұлғасына қарай да инені бірнеше түрге бөлуге болады: - көзі сынық инені - бітік немесе көр; - көзі кең инені - көземелі; - тұрқы имек инені - созаң; - көзі кең, жуандау, ұзындау инені - жөндем; - әдеттегі инеден әлдеқайда үлкендеу инені - тебен дейді. Тебен иненің төркіні - төбе ине болса керек. Олай дейтініміз, қазақ биіктеу, дөңестеу жерді төбе деп атайды. Жасалған затына қарай да инені бірнеше түрге бөлген: - қанардың аузын тіккенде қолданылатын, қатты ағаштан жасалған ине - сида; - мүйізден әзірленген ине - жуалдыз (тегінде, жуан біз деген сөз тікесінен туындаған болуы керек); - сүйектен істелген ине - сояу немесе сүйрік деп аталады.[4]
Өндіріс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тігін инелері ине-платиналық өнеркәсіптерде өндіріледі.[5] Неғұрлым қиын аспект - иненің құлағын жасау. Өтімділігі төмен болаттан жасалса, уақыт келе инені тат басуы мүмкін.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ГОСТ 22249-82 — Иглы к швейным машинам. Типы и основные размеры
- ↑ Қазақтың кесте өнері. Мұхамеджанұлы З., 2009
- ↑ под ред.Симбирцева С.А. Основы оперативной хирургии. — ГИППОКРАТ, 2003. — С. 23. — ISBN 5-8232-0238-5
- ↑ Қазақтың кесте өнері. Мұхамеджанұлы З., 2009
- ↑ История … Кунцевского игольно-платинного завода имени КИМ