Альфред Вернер
(12.12.1866-15.11.1919)
Швейцария химигі. 1889 жылы Цюрихтегі Политехника институтын бітірген. 1890-1891 жылдары сол жерде, 1891-1892 жылдары Коллеж де Франсте П.Э.М. Бертло лабораториясында жұмыс істеген. 1893-1895 жылы Цюрих университетінің профессоры. 1909 жылдан бастап осы университетте химиялық институтының болып қызмет атқарады.
Кешенді (координациялық) қосылыстарының химиясының негізін салушы. А.Р. Ганчпен бірге 1890 жылы оксим және де азобензол типтес азот құрамдас қосылыстардың құрылымын анықтады, сонымен бірге N=C қос байланысты молекулалар стереоизометриясының теориясын 1890 жылы ұсынды.
Теория монооксидернің екі изомерлерінің болуын геометриялық изомерияның көрінісі ретінде түсіндіреді. Валенттік сандардың тұрақтылығы жайында түсінікті жоққа шығаратын кешен қосылыстарын синтездеген, сол уақыттта белгілі болған барлық комплекс қосылыстарды және олардың құрамы мен құрылысын анықтайтын эксперименттік әдістерді бір жүйеге келтірді. Асимметриялық көміртегі атомы жоқ оптикалық активті изомерлерді алдынала болжады (1899 ж.). "Бейорганикалық химия саласындағы жаңа көзқарастар" кітабында (1905 ж.) кешенді қосылыстар синтезіндегі маңызды жетістіктерді қорытты. Қышқылдар мен негіздердің жаңа теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша қышқылдарға судың OH- иондарын байлап сонымен ортада Н+ иондарының концентрациясын жоғарылататын қосылыстар жатады, ал негіздерге - Н+ иондарын қосып алатын қосылыстар жатады. Осы теорияның негізінде Й.Н. Бренстедтің қышқылдар мен негіздердің каталитикалық теориясы пайда болды. И.И. Остромысленскийден тәуелсіз 1910 жылы олефиндер тетранитрометанмен түсті кешендер үзетінін анықтады. Нобель сыйлығының лауреаты (1913 ж.).
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]С.К.Мырзалиева "Химия" (Балаларға арналған эниклопедиялық анықтамалық Алматы 2012ж.)