Ацетон
Ацетон, диметилкетон, CH3COCH3 – иісі бар, түссіз, жанғыш сұйық зат. Балқу t – 94,9°С, қайнау t 56,2°С. Су, спирт, күрделі эфир, түрлі май, бензин және органик. еріткіштермен кез келген мөлшерде араласады. Сілті қатысында галогендермен әрекеттесіп йодоформ, хл. Ацетон — жалыны түссіз, өзіне тән иісі бар мөлдір сұйық зат. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Эмаль, лакті (оның ішінде тырнаққа жағылған лакті де) ерітуге, қатты заттардың бетіне жұғып қалған майлы бояулар мен киімге жұққан майлы дақтарды кетіруге пайдаланылады. (Дацты кетіру мақаласын қараңыз). Ацетон ацетат талшықтарды да ерітетін болғандықтан, одан тоқылған маталарды тазарту үшін, алдымен сол матаның кішкене бөлігіне әсерін байқап алған дұрыс.1 Ацетат маталар ацетонның әсерінен еріп кетуі немесе қаудырлап күйіп қалуы мүмкін. Ацетон өрт қаупін туғызатындықтан, оны оттан алыс ұстау керек.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |