Биплан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ан-2 — биплан ұшақ

Биплан (лат. bis «екі есе» және лат. planum, «жазықтық») — бірінің үстінде екіншісі орналасқан екі тасушы жазықтығы (қанаты) бар ұшақ.

Бұл ұшақ конструкциясы аз қанат жаймасында үлкен қанат ауданы мен көтергіш күшті алуға мүмкіндік береді. Монопланға қарағанда бипланға ұшу және қону үшін қысқа ұшу-қону жолағы жеткілікті. Жоғары аэродинамикалық кедергі күші бипланның жетіспеушілігі болып табылады. Сонымен қатар, алғашқы ұшақтардың қанаттары ағаштан жасалынатын және сырты матамен қапталатын, сондықтан мұндай қанаттардың беріктігі оларды үлкен етіп жасауға немесе ұшаққа қуатты қозғалтқыш орнатуға мүмкіндік бермеді. Уақыт өте 1930-жылдары ағаш ұшақтар орнына беріктігі жоғары, металдан жасалған монопландар кең тарала бастады.