Мазмұнға өту

Байпақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Байпақ.
A.
Байпақ.

Байпақ - биязы, жұмсақ жүннен тоқылып немесе киізден басылып жасалатын, етіктің ішінен киетін, жылу сақтайтын аяқкиім[1].

Саптама етіктің ішінен киілетін ақ киізден жасалған байпақ қыстың суық, боранды күндерінде алыс жолға шыққанда киіледі.

Қыста киетін байпақтың киізі қалың жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады.

Жасалу тәсілі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байпақ тігудің екі тәсілі бар: табанын бөлек салып ұлтарып тігу, тұтастай қусырып тігу.

Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Аяққа батпас үшін тігісі сыртынан түседі. Ел арасында байпақтың іш байпақ, сырма байпақ, мәсі байпақ, байпақ етік, киіз байпақ, шәркелі байпақ сияқты түрлері мен атаулары кездеседі. Мәселен, киіз байпақ - киізден жасалған, етік ішінен киілетін байпақ; шәркелі байпақ - ішінен байпақ киілетін көннен тігілген шәркей; байпақ етік - жүннен басылған аяқкиім, пима т.б.[2]

Байпақ басу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Байпақ басудың өзіндік тәсілі болған. Ол үшін майдалап түткен жүн сиректеле шиге жайылып, үстінен ыстық су құйып, жүннің қопсуын басады да, жалаңаш білекпен ысқылап пісіреді. Бұған нағыз шеберлік керек. Нобаймен ысқыланса, кеуегі бітеліп, жүн жабысып қалады. Сондықтан әр қимыл мұқият жасалып, жасау әдісінен ауытқымау керек. Байпақ басу ісі дамып жетіліп, пима басу кәсіпшілігіне ұласқан. Балаларға аяғына шақтап, кішкене етіп, тысы мен ішкілігін матадан салып, жүн, түбіт, жабағы, мақта тәрізділермен жылылап қауып, сырып тігеді[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Захарова В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: XIX начала XX в. Алматы: Наука, 1964
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  3. Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. Алматы: Қазақстан, 2000; Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор және жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. Алматы: Өнер, 2009