Бойлер
Бойилер (Boii) — кельт тайпаларының тобы.
Олардың көбісі б.з.д. V—VI ғғ. лингондармен бірігіп, Цизальпілік Галлияға басып кіреген. По өзенінен өтіп, Аппениннің етегіндегі жазыққа орнығып, бұл жерде тұрған этрусктер мен умбрларды ығыстырған, этрусктердің Фельсина қаласының атын Бононияға (қазір Болонья) өзгеткен.
Бойлер римдіктерге қарсы б.з.д. 283—282 жылдары этрусктермен, ал б.з.д. 238—224 жылдары кельттердің жағында соғысқан. Б.з.д. 58 жылы Бирбакттағы шайқаста Гай Юлий Цезарь басқарған римдіктерден талқандалды, бұл шайқасқа баржоғы 32 000 бой қатысқан және қарсыластары олардан бірнеше есе көп болған. Олардың ерліктерін ескерген Цезардың жарлығымен олар эдуй тайпасына қабылданып, солардың жерлерін мекендеген (қазіргі Бургони мен Ниверне)[1]. Ал Богемияда қалғанадары (қазіргі Чехия, (Boiohaemum) деп аталған) — «бойлардың ана мекені», Тиса өзеніне дейін иеліктерін кеңейтіп, бірақ дактар оларды Дунайдың оң жағалауына ығыстырып, бойлар Паннонияға орнықты (қазіргі батыс Венгрия, шығыс Австрия және Словения мен Сербия.
Бойлар туралы мәліметтер римдік тарих беттерінен Чехияны б.з.д. 1 ғасырда маркомандар басып алғаннан кейін жоғалды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Гельмут Биркхан. «Кельты: история и культура»
|