Борсық
Борсық Қазбалық ауқымы: Early Pleistocene to present | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
M. meles, M. leucurus, M. anakuma.
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
Борсық (лат. Meles) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң туысы.
Көбінесе шөпті және оның тамыры мен тұқымын, майда жәндіктерді жеп қоректенеді. Көктемде құстарды, олардың балапандарын жейді, кейде қозының да құйрығын сорады. Борсық ін қазады, ұрғашысы қыстың аяғында 2—6 күшік табады. Терісінен ішік, қылшығынан щетка жасауға болады; халық арасында оның майын көксау ауруға даруға береді, оны басқа да қажеттерге жұмсайды. Етін жеуге болмайды, харам.
Қазақстандағы борсықтың 4 түр тармағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Еуропа борсығы (Meles meles)
- Ферғана борсығы (Meles meles severzovi)
- Азия борсығы (Meles leucurus)
- Тянь-Шань борсығы (Meles leucurus tianschanensis)
- құм борсығы (Meles leucurus arenarius)
- Сібір борсығы (Meles leucurus sibiricus).[2]
Дене тұрқы 60 — 90 см, салмағы 8 — 16 кг-дай. Олардың түсі ақшыл-сұрдан қара-қоңырға дейін өзгеріп отырады. Жүні қылшықты, салалы, сирек. Тұмсығынан желкесіне дейін созылған қара жолағы бар. Бауыры, төбесі, табандары қара, аяқтарында сәл иілген, ұзын тырнақтары болады. Інде тіршілік еткендіктен, маусымдық көшуі байқалмайды. Іңір түсісімен қорек іздеуге шығады. Борсық қорек талғамайды. Ол ұсақ кеміргіштермен, құстармен, олардың жұмыртқаларымен, жыланмен, кесірткелермен, көлбақалармен, ұсақ жәндіктермен, жеміс және бақша дақылдарымен де қоректенеді. Күзге қарай бойына май жинайды да, қысқы ұйқыға кетеді. Олар наурыз — маусымда мауығып, 1 жылдан кейін 1 — 5 күшік табады. Терісі мен майы үшін ауланады. Борсықтың майы витаминдерге бай, сондықтан халық медицинасында оны буын ауруларын, туберкулез және іріңді жараларды емдеуге қолданады. Ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерін жеп пайда келтіреді.[3][4] Кәсіпшілік маңыздылығы онша емес (терісі онша құнды емес жүні қылқалам үшін қолданылады майы емдік болып есептелінеді).[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Madurell-Malapiera, J. (2011). "The taxonomic status of European Plio-Pleistocene badgers". Journal of Vertebrate Paleontology 31 (4): 885–894. doi:10.1080/02724634.2011.589484. ISSN 0272-4634.
- ↑ Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
- ↑ [[Маңғыстау энциклопедиясы]], Алматы, 1997
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |