Бутан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Бутан (айрық) деген бетті қараңыз.
Координаттар: 27°27′00″ с. е. 90°30′00″ ш. б. / 27.45000° с. е. 90.50000° ш. б. / 27.45000; 90.50000 (G) (O) (Я)
Бутан патшалығы
འབྲུག་ཡུལ་
Druk Yul
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Друк цендэн»
Тарихы
Құрылды 17 желтоқсан 1907 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі дзонг-кэ
Елорда Тхимпху
Ірі қаласы Тхимпху
Үкімет түрі конституциялық монархия
Патша
Премьер-министрі
Джигме Кхесар Намгиял Вангчук
Лотай Церинг
Мемлекеттік діні буддизм (Друкпа Кагью)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 133-ші орын
38 394[1][2] км²
1,1
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

727 145[3] адам (165-ші)
18,9 адам/км² (196-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

7,701 млрд.[4] $
9,426[4] $ (115-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

2,547 млрд.[4] $
3,117[4] $ (130-шы)
АДИ (2017) 0,612[5] (орташа) (134-ші)
Валютасы нгултрум
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bt
ISO коды BT
ХОК коды BHU
Телефон коды +975
Уақыт белдеулері UTC+6

Бутан корольдігі (тиб. འབྲུག་ཡུལ་) — Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аумағы 47 мың км². Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.

Бутан — Шығ. Гималайдың биік тау аңғарларында, Брахмапутра өз. бойында орналасқан. Климаты муссонды, төм. белдеулерде тропиктік. Жерінің 64%-ін мәңгі жасыл орман алып жатыр. Бутанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы толық зерттелмеген. 6 — 7 ғ-ларда Бутан территориясы қазіргі Үндістанның Ассам штатын қамтыған Брахмапутра өңіріндегі Камарупа мемлекетінің құрамында болған деген жанама деректер кездеседі. Камарупа құлағаннан кейін Бутанға бірнеше рет тибеттіктер басып кіріп, олардың едәуір бөлігі осында тұрақтап қалған. Тибеттіктер Бутанда өз мәдениеті мен ламашылдықты ұстанды. Біртұтас діни ұйымға біріктірілген Бутан 17 ғ-дың ортасында тәуелсіз теократиялық мемлекет болып қалыптасты. 19 ғ-дан 1947 жылға дейін Британия протектораты болды. 1907 ж. ағылшындардың көмегімен мұрагерлік монархия — Вангчуктер әулетінің билігі орнады. Ағылшын отарлық үкіметі Бутанның сыртқы саясатын қадағалағанымен, ішкі өміріне араласқан жоқ. 1949 ж. Бутан тәуелсіздік алды, бірақ шет мемлекеттермен байланысы Үндістанның бақылауымен жүргізіледі. 1954 ж. заң қабылдаушы органы — Цонгду құрылды. 1971 ж. БҰҰ мүшелігіне қабылданды. Оңт. Азияның барлық елдерімен, Үндістанмен, Жапониямен, Германиямен, т.б. елдермен дипломатиялық қарым-қатынастары бар.

Сөз төркіні

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елдің ұлттық атауы - Друк-Юль (дзонг-кэ འབྲུག་ ཡུལ་, вайли ʼbrug-yul, лат. Juk yü) - «айдаһар елі», сөз жоқ, Шығыс халықтары арасында белгілі ежелгі айдаһар табынуын су құдайы және ауыл шаруашылығының қамқоршысы сияқты көрсетеді. «Бутан» атауы тибеттік «Bod + anta» атауларының қосылуы нәтижесінде пайда болды деп саналады, мұндағы Bod - «Тибет», ал anta - «соңы, шеті», яғни «Тибеттің шеті». Bhutan түріндегі бұл атау хинди, непал, бенгал тілдерінде қабылданған және Тибеттің аты ретінде қолданылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 9th Five Year Plan (2002–2007). Royal Government of Bhutan (2002). Тексерілді, 22 тамыз 2011.
  2. National Portal of Bhutan. Department of Information Technology, Bhutan. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 сәуір 2012. Тексерілді, 22 тамыз 2011.
  3. Bhutan. Citypopulation.de. Тексерілді, 7 мамыр 2019.
  4. a b c d Butan. International Monetary Fund.
  5. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 29 қыркүйек 2018.