Викунья

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Викунья

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жұптұяқтылар
Тұқымдасы: Camelidae
Тайпасы: Lamini
Тегі: Vicugna
Түрі: V. vicugna
Екі-есімді атауы
Vicugna vicugna
(Molina, 1782)

Викунья (лат. Vicugna vicugna) – түйетәрізділер тұқымдасының ламалар туысына жататын жабайы сүтқоректі жануар. Өркеші болмайды. Оның денесінің ұзындығы 1,5метрдей, шоқтығына дейінгі биіктігі - 70-90 см, салмағы шамамен 65 кг. Денесі - қысқа, жұмсақ əрі жіңішке жүнмен қапталған. Əр қайсысынан 800-1000 грамм жүн қырқылады. Өсіру шаралары жүргізілуде, оларды қорғау мақсатында арнайы қорықтар ұйымдастырылған.[2]

Викунья сүтқоректілердің ішінде түйелер тұқымдасының көнтабандылардың подотрядына жататын жұпаяқтылардың бір түрі. Сырт келбетімен викуньялар гуанакоға ұқсайды, бірақ оларға қарағанда викуньялар өлшемі бойынша кішірек және арықтау.

Сырт келбеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Викуньяның ұзындығы 150 см, иықтың биіктігі бір метрге жуық, ал салмағы-50 кг. Арқа жағындағы жүні ашық-қоңыр, төменде ашықтау- олардың жүні басқа тектес жануарларға қарағанда жүндері әдемілеу және едәуір қалың ол суықтан қорғайтын оқшауланған қабат ретінде қызмет етеді. Викуньяның анатомиялық ерекшелігі-ол төменгі кескіш өткір тістер кеміргіштер сияқты үнемі өсіп келеді. Басқа жұпаяқтыларда мұндай ерекшелік жоқ.

Викуньялар Эквадордағы Андтарда, Перуде, Боливияда, Аргентинада және Чилиде таралған. 3500 метрден 5500 метрге дейін биік жерлерде мекен етеді. Гуанаколар сияқты  викуньялар белгілі бір шектеулі диапазоны бар басым еркек басқаратын рулық табындарда тұрады. Сонымен қатар, жас бойдақ ерлер топтары бар, олар жетілмеген жасына байланысты өз аумағын әлі қорғай алмайды. Сондай-ақ, жас қарсыластармен табыннан шығарылған жалғыз қарт ер даралар бар.

Туыстық қатынастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұрында викуньяларды үй жануарлар ретінде ешқашан қарастырылмағандықтан және үйретілмегендіктен лама мен альпакалар гуанакодан шыққан деген теория болған. Бірақ қазір ДНҚ сараптамасы бойынша альпакалардың викуньялардың шыққан деген теория пайда болған. Альпакалар, гуанаколар, ламалар, викуньялар бір-бірімен жұптаса алатындықтан олар бір-бірімен көп алмасатын, сондықтан қазіргі кезде үй жануарлардың қай жерден шыққан біз нақты біле алмаймыз.

Викуньяларды ғылыми тілде Vicugna vicugna атайды, яғни жеке тек ретінде қарастыратын. Бұл олардың жақ пен тіс ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ викуньялардың гуанаколармен жұптаса алатыны олардың өте ұқсаса екенін дәлелдейді, сондықтан да Vicugna тек ретінде қарастыру ұдайы ғылыми пікірталасқа әкеледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Baldi, R. & Wheeler, J. (2008). Vicugna vicugna. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 3 January 2009.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.