Гематология
Гематология(грек. haіma, haіmatos – қан және logos – ілім) – қан және қан түзілу жүйесі, олардың құрылысы, қызметі, аурулары, осы ауруды емдеу туралы ғылым; медицинаның бір саласы.
Гематология қан клеткалары мен қан жасаушы органдардың эмбриогенезі, морфогенезі және олардың физиологиясының мәселелерін, қан плазмасы мен сарысуының қасиеттерін, Гематологияға жатпайтын аурулардағы қан түзілуінің өзгерістерін зерттейді. Қазақстандағы Гематология саласындағы зерттеулер 1960 жылдан бастап жүргізілді. 1962 ж. Республика қан құю ст-ның жанынан гематология бөлімше ұйымдастырылды.
Анемия (қан азаюы), геморрагиялық диатез (қанталап қызару) себептері, патогенезі (дамуы) және оларды анықтау жолдары және лимфома құрылысындағы ерекшеліктер анықталып, ісік клеткасында зат алмасуы, лимфомалардың клиник. белгілері зерттелді. Кейбір анемия түрлерін емдеу әдістері табылды. Гематологияның қан жүйесінің-гемобластоздар (олардың ішінде лейкоз), анемия, тромбоцитопатия және геморрагиялық диатезді зерттейтін клиник. Гематология; радиоактивті сәулелердің әсерінен болатын қан түзілу өзгерістерін зерттейтін радиол. Гематология; қан белоктары мен клеткаларының антигендік қасиетін, қарсы денелер және иммундық факторлардың әрекеттерін зерттейтін иммундық Гематология бөлімдері бар. Гематологияонкология және трансфузиологиямен тығыз байланысты. Қазіргі Гематологияда сүйек майын, бауырды, талақты, лимфа түйіндерін цитохим., цитогенетик., авторадиогр. тексерулер және т.б. әдістер кеңінен қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |