Газан хан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Ghazan
Khan

Ғазан (ортада) христиан болып туылып, тәрбиленді, Буддизмды оқыды, таққа отырғанда Исламды қабылдады.
Билеген 1295–1304
Толық аты-жөні Махмуд Ғазан
туған 5.11.1271
Өмірден озды 11.5.1304
Ізашары Baydu
Ізбасары Öljeitü
Consort Kökechin
Father Arghun
Mother Quthluq Khatun

Газан Хан, Махмуд (5 қараша 127111 мамыр 1304) (моңғ. Газан хаан, қыт. 合贊, кейде батыс әдебиетінде Casanus яғни Касанус дейді[1])– Хулагу мемлекетінің илханы.


Сол кездегі бүгінгі Иран аймағын 1295 жылдан 1304 жылға дейін билеген. Шыңғыс хан әулетінен. Ислам дінін мемлекеттік дінге айналдырды. Тебриз қаласының маңына обсерватория мен емханалар салдырып, ғалымдарға қолдау көрсетті. 1299 – 1303 ж. Үндістан мен Сирияға жорықтар жасады. Ғазан билігі кезіндегі негізгі әскери қақтығыстар мысырлық Мәмлүктермен Сирия үшін талас, және моңғолдардың Шағатай қағанатымен соғыстар болды. Сонымен бірге Ғазан хан өзінің алдындағылардың Франк-Моңғол одағын құру әрекетін жалғастыра отырып Еуропамен дипломатиялық қатынас орнатуға талпынды. Өте жоғары мәдениетті Ғазан көптеген тілдерде сөйлеген, көп хоббиі болды, Хулагу мемлекетінде көптеген реформалар жасады, әсіресе ақшаны бірыңғайлау мен фискалды саясат саласында.[2]

Ғазандық қос күмісті дирхам.[3]
Obv: Legend in Arabic: لاإله إلا الله محمد رسول الله صلى الله عليه وسلم/ ضرب تبريز/ في سنة سبع ...ر Lailahe illallah Muhammed resulullah salli aleyhe. Duribe Tebriz fi sene sab`aa xxx: "There is no God but Allah, Muhammad is His Prophet/ Minted in Tabriz in year seven xxx"
Rev: Legend in Mongolian script (except for "Ghazan Mahmud" in Arabic): Tengri-yin Küchündür. Ghazan Mahmud. Ghasanu Deledkegülügsen: "By the strength of the Heaven/ Ghazan Mahmud/ Coin struck for Ghazan".
Tabriz mint. 4.0 gr (0.26 g). Silver.
Қазан хан Махмұд
Туған күні

4 қараша 1271 (1271-11-04)

Қайтыс болған күні

17 мамыр 1304 (1304-05-17) (32 жас)

Ұлты

Ирандық

Қазан хан Махмұд - Ирандағы Хулагу әулетінен шыққан моңғол ханы, 1295 жылдан билік жүргізді. Хорасан, Мазендеран және Рим мирасқоры болып тұрып, Байду ханға қарсы көтеріліске шықты да, тағын тартып алды. Буддизм тәрбиесінде өсті. Бірақ Иран ақсүйектері мен мұсылман дін иелерінің, сондай-ақ көшпелі моңғол ақсүйектері мұсылман топтарының көмегі қажет болып, ислам дінін қабылдады да, оны қайтадан Иранның мемл. дініне айналдырды. Уәзірі Рашид әд-Диннің көмегімен әкімш. және экономик.реформаларды жүзеге асырды. Қ.х.тұсында каналдар қазылып, обсерватория және Тербиз маңынан аурухана салынды. 1299-1303 ж. Сирия мамлюктеріне қарсы жорыққа шығып, жеңілді. [4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Schein, p. 806
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
  3. For numismatic information: Coins of Ghazan Мұрағатталған 1 ақпанның 2008 жылы., Ilkhanid coin reading Мұрағатталған 1 ақпанның 2008 жылы..
  4. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 8 том