Кевин Де Брёйне
Кевин Де Брёйне | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Дронген, Гент, Бельгия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
181 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Номері |
17 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марапаттары мен медальдары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кевин Де Брёйне (нидерл. Kevin De Bruyne; 1991 жылы 28 маусымда туған[1], Гент, Бельгия) — бельгиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубы мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы.
Клубтағы мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кевин Гент қаласында туылып, мансабын жергілікті "Гент" клубында 2003 жылы бастады. Екі жылдан кейін "Генк" клубының жастар құрамасында бастады. Алғаш рет негізгі құрам үшін 2009 жылы 9 мамырда "Шарлеруа" клубына қарсы ойнады. Келесі 2009/10 маусымда негізгі құрам ойыншысы атанды. 7 ақпанда алғаш голын "Стандардом" клубының қақпасына соқты. 2010/11 маусымында 32 матч өткізіп, 5 рет голмен ерекшеленді. Маусымның соныңда командамен Бельгия чемпионатын жеңіп алды.
2012 жылы 31 қаңтарда Де Брёйне "Челси" клубына ауысып, бес жарым жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісім бойынша 2011/12 маусымының сонында Кевин Генк клубына оралады, бірақ жалға алу келісімі бойынша. 18 шілдеде алғаш матчын жолдастық ойын Сиэтл Саундерспен 14-ші номерде ойнады.
2012 жылы 2 тамызда Челсидің ресми сайтында Кевиннің 2012/13 маусымды "Вердер" клубында жалға алу бойынша өткізетіні жарияланды. Кевин алғаш ойынын 24 тамызда Боруссия Дортмундқа қарсы өткізді. Алғашқы голын 15 қыркүйекте Ганновер клубына қарсы соқты. 18 мамырда соңғы матчын Нюрнберг клубымен өткізіп, дубль жасады. Барлығы Вердер үшін 33 матч ойнап, 10 гол мен 9 голдық пас шығарды.
Челсиге қайта оралғаннан кейін үнемі қосалқы ойыншы болып саналды, маусымның алғашқы жартысында 3 қана матч өткізіп, келесі жартысында қайта неміс чемпионатына оралды. 2014 жылы 18 қаңтарда Де Брёйнені "Вольфсбург" клубы 28 млн. евроға сатып алып, 2019 жылға дейінгі келісімшарт жасасты.
2015 жылы 30 тамызда Англияға қайта оралып "Манчестер Сити" клубымен алты жылдық келісімшартқа отырды. Трансфер құны 74 млн еуроны құрады. "Қалалықтар" сапындағы бірінші ойынын 12 қыркүйекте "Кристал Пэлас" клубына қарсы өткізді. Ал 19 қыркүйекте "Вест Хэм Юнайтед"-ке қарсы алғашқы голын соқты.
2020 жылы Англия Премьер-лигасында үздік футболшы ретінде атанды.
2021 жылдың 7 сәуірінде клуб жартылай қорғаушымен келісімшартты ұзартты. Жаңа келісім 2025 жылдың жазына дейін күшінде болады.
Ұлттық құрамадағы мансабы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Де Брёйне Бельгияның жасөспірімдер құрамасында ойнады. 2010 жылы 11 тамызда жолдастық матч Финляндия құрамасына қарсы ойында, алғаш рет ұлттық құрама үшін өнер көрсетті. Бірақ құрамы жеңіліп, 1:0 есебімен ойын аяқталды.
2014 жылғы Әлем чемпионатында 4 матчта алаңға шығып, 1 гол мен 2 нәтижелі пас жасады.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Генк»
- Бельгия чемпионы: 2010/11
- Бельгия кубогы: 2008/09
- Бельгия суперкубогы: 2011
- «Вольфсбург»
- Германия кубогы: 2014/15
- Германия суперкубогы: 2015
- «Манчестер Сити»
- Англия чемпионы (3) : 2017/18, 2018/19, 2020/21
- Англия кубогы: 2018/19
- Лига кубогы (5): 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21
- Англия суперкубогы (2): 2018, 2019
- Чемпиондар лигасының финалисі: 2020/21
Жеке
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Германия чемпионатының үздік футболшысы: 2013
- Бельгия жыл спортшысы: 2015
- Германия чемпионатының үздік асистенті: 2014/2015 (21 нәтижелі пас)
- Германия жыл футболшысы: 2015
- Англия чемпионатының үздік футболшысы: 2020
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|