Коммуна (Франция)
Коммуна (фр. commune — жамағат ( лат. communia — қауым)) — Франциядағы әкімшілік-аумақтық бөлінудің бесінші деңгейіндегі бірлік; елді мекеннің қауымдастық пункті. Басқа елдерде француз коммуналарына муниципалитеттер және т.б елді мекендер сәйкес.
Коммуналар сәйкесінше округтердің құрамына кіріп (Париж, Марсель және Лион қалаларын қоспағанда, бұл қалалардың өздері муниципалды аудандарға бөлінеді), елдің құрылымының ең төменгі деңгейін көрсетеді. Француз коммунасы халық саны бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді: ол Париждегі миллиондаған тұрғын және небәрі он адам тұратын ауылдар. Әрбір комунада мэр мен муниципалдық кеңесі бар. Oлардың халықтың санына қарамастан, өкілеттіктері барлық аудандарында бірдей болып табылады.
2004-ші жылдың басында Францияда 36 782 коммуна саналды, соның ішінде 36 568-і — метрополияда және 214-і — мұхиттың арғы жағындағы территорияда. Метрополиядағы коммуналардың орташа жер аумағы 14,88 км², орташа медиандығы — 10,73 км². Коммуналардың орташа медиандық тұрғындары — 380 адам.