Куба

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 22°01′00″ с. е. 79°01′00″ б. б. / 22.01667° с. е. 79.01667° б. б. / 22.01667; -79.01667 (G) (O) (Я)
Куба Республикасы
ис. República de Cuba
Байрақ Елтаңба
Ұран: «ис. Patria o Muerte»
Әнұран: «La Bayamesa» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 10 желтоқсан 1898 жыл (Испаниядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі испан тілі
Елорда Гавана
Ірі қалалары Гавана, Сантьяго-де-Куба
Үкімет түрі Де-юре социалистік республика, Де-факто Бірпартиялық диктатура
КОККП бірінші хатшысы
Вице-Президенті
Премьер-Министрі
ХБҰА Президенті
Мигель Диас-Канель
Сальвадор Вальдес-Меса
Мануэль Марреро Крус
Эстебан Ласо
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 104-ші орын
109 884 км²
0,94
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

11 221 060[1] адам (82-ші)
102,1 адам/км² (114-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2015)
 • Жан басына шаққанда

254,865 млрд.[2] $
22,237[2][3] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

96,851 млрд.[4] $ (63-ші)
8,433[5] $ (76-шы)
АДИ (2017) 0,777[6] (жоғары) (73-ші)
Валютасы Куба песосы (CUP, 37)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .cu
ISO коды CU
ХОК коды CUB
Телефон коды +53
Уақыт белдеулері -5

Куба (ис. Cuba), ресми атауы - Куба Республикасы (ис. República de Cuba [reˈpuβlika ðe ˈkuβa]) — 1959 жылдан бастап Кариб теңізінде, Куба аралында орналасқан мемлекет. Оңтүстік және Солтүстік Америка құрлықтары аралығында Куба, Хувентуд (Пинос) және олардың жанындағы Үлкен Антиль аралдар тобында орналасқан.

Аралдардың көпшілігінде халық қоныстанбаған, саны 1600-ге жуық. Құрлықтағы жер аумағы — 110,86 мың км2. Халқы — 11,3 млн. адам. Этникалық құрамы жағынан 65%-ы Испаниядан шыққандардың ұрпақтары, қалғандары — негрлер, метистер, мулаттар. Ресми тілі — испан тілі, діні — католик. Астанасы — Гавана қаласы (2,3 млн.). 1976 ж. қабылданған конституция бойынша мемлекет билігі халықтық өкіметтің (Ұлттық ассамблея) қолында. Ол өз депутаттары арасынан Мемлекеттік Кеңес сайлайды және Министрлер Кеңесінің мүшелерін бекітеді. Ұлттық мерекелері: 1-қаңтар — Азат етілген күн (1959), 26-шілде — Ұлттық көтеріліс күні (1953), 10-қазан — Кубаның Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы күресті бастаған күні (1868). Ақша бірлігі — Куба песосы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Куба жерінің үштен бір бөлігі таулы қырат, қалған бөлігі жазық. Елдің Орталық және батыс өңірлерінде Кордильера-де-Гуаниганико, Гавана — Матансас, БехукальМадруга, Санта-Клара, Гуамуая қыраттары, шығысында Сьерра-де-Кубитас, Сьерра-де-Нахаса қыраттары, оңтүстік-шығысын Сьерра-Маэстра тауы (ең биік жері 1974 м) алып жатыр. Пайдалы қазбалардан — мыс, марганец, хромит, никель, каолин кездеседі. Климаты — тропиктік. Қаңтардағы орташа температура 22,5°С, тамызда 27,8°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 1000 — 1200 мм, таулы өңірлерде 2200 мм-ге дейін. Өзендері қысқа, әрі суы аз. Аумағының 10%-ын орман алып жатыр. Кесіртке, қолтырауын, тасбақа, т.б. хайуанаттар кездеседі, құстардың 300-ге тарта түрі бар.

Әкімшілік бөлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Куба унитарлы мемлекеттер қатарына жатады. Территориясы 14 провинцияға және Хувентуд аралы муниципиясына бөлінеді. 2011-жылдың қаңтарынан Гавананы Артемис жіне Маябек провинцияларына бөлу туралы шешім өз күшіне енеді. Осылайша провинциялар саны 15-ке жетеді.

A.
Кубаның әкімшілік бөлінуі.
  1. Пинар-дель-Рио (ис. Pinar del Rio)
  2. Артемиса (ис. Artemisa)
  3. Гавана қаласы (ис. Ciudad de La Habana)
  4. Маябеке (ис. Mayabeque)
  5. Матансас (ис. Matanzas)
  1. Сьенфуэгос (ис. Cienfuegos)
  2. Вилья-Клара (ис. Villa Clara)
  3. Санкти-Спиритус (ис. Sancti Spiritus)
  4. Сьего-де-Авила (ис. Ciego de Avila)
  5. Камагуэй (ис. Camagüey)
  1. Лас-Тунас (ис. Las Tunas)
  2. Гранма (ис. Granma)
  3. Ольгин (ис. Holguin)
  4. Сантьяго-де-Куба (ис. Santiago de Cuba)
  5. Гуантанамо (ис. Guantanamo)
  6. Хувентуд аралы (ис. Isla de la Juventud)
Кастро Хрущевпен

Куба жерінің алғашқы тұрғындары үндіс тайпалары болған. Еуропалықтар келгенше (15-ғасырдың аяғы) мұнда екі жүз мыңнан аса үндістер тұрды. Аралдарды 1492 ж. қазанда Христофор Колумб ашты. Ол оны қателесіп, Үндістанның бір бөлігі деп ұққан, сондықтан, кейінірек жаңа жер шығыстағы Үндістаннан (Ост-Үндістан) ерекшелендіріліп, батыс Үндістан (Вест-Үндістан) деп аталып кеткен.

  • 1510 жылдан бастап елді испандар жаулап алуға кірісті. Үндістер отаршыларға қатты қарсылық көрсеткенімен, испандар оларды қырғынға ұшыратты. Ауыр еңбектен, ашаршылықтан, аурудан үндістер жаппай қырылып, 1537 ж. 5000-дай ғана адам қалды.
  • 1812 ж. аралда құл-негрлер көтерілісі болды. Осыдан үрейленген жергілікті құл иеленушілер испан үкіметімен жасырын келісіп, аралдарды Испанияның соғыс-теңіз базасына айналдырды.
  • 1868 ж. 10-қазанда Куба патриоттарының көтерілісі басталып, 1869 ж. сәуірде тәуелсіз Куба республикасы жарияланды. Бірақ көтеріліс басшылары арасындағы ұрысты пайдаланып, испандар 1878 ж. 10-ақпанда өз биліктерін қайта орнатты.
  • 1886 ж. құлдық жойылды.
  • 1897 ж. 25-қарашада Испания Кубаға автономия берді.
  • 1898 ж. АҚШ Испанияға соғыс ашып, Кубадан қуып шығарды. 1899 ж. АҚШ Кубаны басып алды. Елде халық толқулары қайта күшейді.
  • 1902 ж. мамырда ресми түрде Куба Республикасы жарияланды. Бірақ, АҚШ ел экономикасына толық өз бақылауын орнатты. Диктатураға қарсы бір топ жастар 1953 ж. 26-шілдеде Монкада казармасына шабуыл жасады. Жауап ретінде үкімет жазалауды күшейтті. Мексикаға өтіп кеткен Фидель Кастро шағын жасақ жиып, 1956 ж. 2-желтоқсанда Кубаға оралды да, көтерілісті бастады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп, 1959 ж. 1-қаңтарда Батиста тәртібі құлады. Үкімет басына Ф.Кастро келді. АҚШ үкіметінің Кубада мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру мақсатындағы бірнеше әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Қазіргі кезде Куба социалистік жүйеде қалған мемлекеттердің бірі.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
A.

АҚШ тарапынан болып отырған эмбарго саясаты салдарынан Куба экономикасы қазіргі таңда дағдарысты жағдайды басынан кешіріп отыр. Жалпы ұлттық табыс мөлшері жеке адамға шаққанда 3520 доллар. Экспортқа қант, минералды шикізаттар, темекі, цитрусты жемістер мен балық өнімдері шығарылады. Жанар май, машина, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлер ел аумағының 34,2%-ын құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Испания, Ресей Федерациясы, Канада, Қытай, Мексика, Болгария, т.б. Куба Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған елдердің бірі.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Resumen del Balance Demográfico. Тексерілді, 15 шілде 2017.
  2. a b World Bank GDP PPP 2015, 28 April 2017 PDF. Тексерілді, 18 қаңтар 2018.
  3. World Bank total population of Cuba in 2015 (GDP PPP divided by Population data). Тексерілді, 18 қаңтар 2018.
  4. GDP (current US$).
  5. GDP per capita (current US$).
  6. Table 2: Trends in the Human Development Index, 1990–2014. United Nations Development Programme. Тексерілді, 15 желтоқсан 2015.
  7. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том