Лукиан
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Лукиан (120 жыл, Самосата, Сирия - 180 жыл, Египет) - грек жазушысы.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі шығармаларын 165-180 жылдар шамасында Афиныда сатиралық диалог жанрында көбінесе, мифологиялық сюжеттерді пародияға айналдырып жазды. Оның шығармаларының тілі өткір, әзіл-оспаққа, мақал-мәтелге толы, ойы терең. Оның шығармаларынан киниктердің демократиялық философиялық идеялары мен стоиктердің кең тараған менипп диалогтарының әсері байқалады. Шығармаларының дінге, әлеуметтік кертартпалыққа қарсы жазылуы сол дәуірде оның танымал болмай қалуына себепші болды. Лукианның шығармашылығы византия сатириктерінің, кейіннен Қайта өркендеу, Ағарту дәуірі қаламгерлерінің шығармаларына ықпалын тигізді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том