Луна-3

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Луна-3

Ұйымы  КСРО, ОКБ-1
Тапсырысы Планета аралық автомат станция
Ұшыру күн-айы 1959 ж. 4 қазан, Байқоңыр
Сөре көлігі Восток-Л (8К72) зымыраны
Тапсырыс ұзақтығы 207 күн
NSSDC нөмірі 1959-008A
Массасы 278,5 кг

Луна-3Айды айналып, оның көрінбейтін жағын алғаш рет фотоға түсірген ғарыш кемесі.

Сондай-ақ Луна-3 тәжірибеде алғаш рет гравитациялық маневрды орындады. Айдың көрінбейтін жағын оңтүстігінен солтүстігіне қарай айналып, гравитация әсерінен өзінің ұшу орбитасын өзгертті.

Зымыран-тасығыштың соңғы сатысы мен ішіндегі станцияның жалпы алғандағы массасы 1553 кг болды. Ғарыш кемеде радиотехникалық пен фототелеметрикалық бағдарлау жүйелері, температураны реттеу жүйесі, күн батареясынан істейтін тоқ көзі және ғылыми аппаратура (фотолаборатория) болды.

Хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1959 жылдың 4 қазанында аппарат Байқоңырдан ұшырылды.

7 қазанда Айдан 66800 шақырым қашықтықта болып, Луна-3 фото түсіріп, оны өңдеуден шығарып, фототелевизиялық жүйенің көмегімен Жерге жіберді.

18 қазанда күшейтілген сигналмен 17 фотосурет жіберілді, ал 22 қазанда станциямен байланыс үзіліп қалды.[1]

Станция Айды 14-ке жуық рет айналып, 1960 жылдың 20 сәуірінде Жерге қарай қайтып ұшты. Атмосфераға кіргенде, жанып кетті.

Айдың ар жағының алғашқы суреттерін түсірген КСРО ондағы объектілерге атауын беруге құқығын иемденді. Сөйтіп, Ай картасында Циолковский, Джордано Бруно, Менделеев, Склодовская-Кюри кратерлері, Арман теңізі мен Мәскеу теңізі пайда болды.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. М.Я.Маров, У.Т.Хантресс. Советские роботы в Солнечной системе. Технологии и открытия, М.: Физматлит, 2013.
  2. Ж.Ф.Родионова. Карты Луны Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2011 жылы..

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Luna 3