Мафия
Мафия - (итал. mafia) - көбіне қылмыспен байланысты және қоғам мүшелеріне, мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне, ұйымдарға, мекемелерге өз мақсаттарына жету үшін заңсыз жолдармен, әдістермен (пара беру, арандату, күш қолдану, адам өлтіру, лаңкестік әрекеттер арқылы) ықпал етуге талпынатын жасырын, заңсыз ұйым. Мафия тарихи тұрғыда XVIII ғасырдың аяғында Италиядағы Сицилия аралында пайда болып, бүкіл қоғамды, халықты дүрліктірді. Кейіннен, XX ғасырда АҚШ-қа ойысты, онда мафия деп әдетте заңсыз бизнеспен (наркотик, заңсыз қару-жарақ саудасы, заңсыз құмар ойындар бизнесі және т.б.) және оны саяси мақсатта қолданатын гангстерлік қылмыстық ұйымдар түсінілді. Осындай жолмен әйгілі болған атышулы "Коза ностра" ("Біздің іс") американдық ұйымы белгілі.[1][2] Мафия – Сицилияда XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан, соңында өзінің белсенділігін АҚШ-тың ірі, экономикалық дамыған қалаларына және кейбір өзге елдерге де таралған қылмыстық, заңсыз ұйым. Жүріс-тұрыс кодексі (омерту), құрылысы және ортақ ұйымы бар қылмыстық топтардың бірлестігі («отбасы»). Әр топ белгілі бір территорияда: үлкен қаланың ауданында кішігірім қалада немесе мемлекеттің тұтас аумағында аламандық жасап «жұмыс істейді».
Қазіргі кезде мафия термині сициялық Коза Ностра мафиясының ұйымың және құрылысын толық немесе жарым-жартылай қайталанатын кез келген этникалық қылмыстық топтарды жалпылау белгілену үшін қолданылады. (Мысалы, Италияның өзінде әрекет ететін – Каморра, Ндрангета, Сакра Корона Унита; мексикалық мафия, ирландық мафия, Якудза, т.б.)
Мафия сицилиялық қоғам ішіндегі өзара қарым қатынастарды реттейтін құрылым ретінде, Бурбондар әулеті мен постбурбондық кезеңде Сицилияда мемлекеттік билік құрылымдары әлсіздігі мен анархия кезінде қалыптасқан.
Бірақ мафия пайда болуының әлеуметтік саяси алғышарттары бұдан әлдеқайда бұрын пайда болған. Сицилия Италияның 1860 жылы біріктіруіне дейін екі ғасырға жуық шетелдік үстемдікте болды. Сицилия тұрғындары тап болған қиын жағдай мен репрессиялар, жергілікті халық ортасында бай шетелдіктерді тонап жүрген бөлек бандиттер топтарының қалыптасуына әкеп соқты. Қарақшылар алып қалған мүлікпен тұрғындармен жиі бөлісіп, олардың қолдау мен көмегін тапты. Біртіндеп жергілікті халық ортасында қарақшыларға көзқарасы одан әрі сабырлы бола түсті.
Сөйтіп осылайша мафияның келешектегі пайда болуының әлеуметтік базасы қалыптасты. Мафияның одан әрі дамуы цитрустер өсіру мен сатуға байланысты кәсіпшіліктің өркендеу кезеніңде жүріп жатыр.
Мафиялар туралы кино-телехикаялар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мафиялар туралы кино-телехикаялар:
- Карты,деньги,два ствола
- Рэкетир
- Бригада
- Бригада-2
- Меч
- Брат
- Брат-2
- Капоне
- Көкжалдар мекені
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |