Некеден кейінгі қоныс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Некеден кейінгі қоныс (лат. locus - орын, сонымен қатар неке мекені) — неке қонысы, некеге тұру жері, некеден кейінгі тұрғылықты жер, некеден кейін ерлі-зайыптылардың қоныс аудару нысандарының жиынтығын білдіретін термин. Жалпы қабылданған терминология мен типология жоқ. Неке қию нысаны ерлердің арнайы ерлер үйлерінде тұруымен, отбасылық тұрғын үйлердің әйелдер мен еркектердің жартысы болып бөлінуімен, әйелі (балалары бар) мен күйеуінің жеке тұрғын үйлерінің болуымен, неке қонысының формасымен байланысты.[1]

Төмендегідей формалары бар:

  • патрилокалдық (латын тілінен pater - әке және locus - жер) - әйелі күйеуінің қауымдастығында тұруға көшетін некеге тұру нысаны.[2]
  • матрилокалдылық (лат. mater - анадан)- ерлі-зайыптылар әйелінің отбасында тұратын отбасы құрылымының түрі.[3]
  • билокалдылық (лат. bis - екі рет және localis - жергілікті) - ерлі-зайыптылар күйеуінің ата-анасымен немесе әйелінің ата-анасымен бірге өмір сүре алатын отбасы құрылымының түрі.[4]
  • авунлокалдылық (лат. avunculus - ананың ағасы және locus - жер) - ерлі-зайыптылардың қоныстану нормасы, онда жас күйеуінің анасының ағасымен бірге тұрады.[5]
  • вирилокалдылық (лат. vir – күйеу және locus – орын) - неке қонысының нормасы, онда жас жұбайлар некеге дейін күйеу жігіт тұрған жерге қоныстанады.[6]
  • уксорилокалдылық (лат.Uxor-әйелі және locus-орын) - үйлену қонысының нормасы, онда қалыңдық бұрын тұрақты тұрған жерде тұрады.[7]
  • неолокалдық (еж.грек тілінен неос - жаңа) - ерлі-зайыптылар жаңа жерге бөлек қоныстанады.
  • дислокалдылық (лат. dis – бөліну, саралау және локус – жер) - жастар бірге тұрмай, ара-тұра ғана кездесіп, бөлек өмір сүре беретін неке қиюының нормасы.[8]
  • амбилокалдылық (лат. ambo – екеуі де және locus – жер) - жастар өз таңдауы бойынша (әртүрлі жағдайларға байланысты) күйеу жігіт некеге дейін тұрған немесе қалыңдық бұрын тұрған жерде қоныстанатын некеге тұру нормасы.[9]

Некенің барлық түрлері қоғамның бір немесе басқа түрімен шектеледі. Ежелгі негізі бар дәстүрлі қоғамдар патри- немесе матрилокалдылықты немесе басқа түрлерді ұстанады. Қазіргі индустриялық қоғамға ең тән - неолокализация.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Словари и энциклопедии на Академике https://peoples_religion.academic.ru/580/
  2. Советская историческая энциклопедия https://gufo.me/dict/history_encyclopedia/%D0%9F%D0%90%D0%A2%D0%A0%D0%98%D0%9B%D0%9E%D0%9A%D0%90%D0%9B%D0%AC%D0%9D%D0%9E%D0%A1%D0%A2%D0%AC
  3. Значение слова «матрилокальность» https://kartaslov.ru/%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D1%87%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D1%81%D0%BB%D0%BE%D0%B2%D0%B0/%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C
  4. СОЦИОЛОГИЧЕСКАЯ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ β https://voluntary.ru/termin/bilokalnost.html Мұрағатталған 19 қаңтардың 2021 жылы.
  5. Словарь этнологических терминов. 2012 https://slovar.cc/etnograf/etno-term/2325818.html
  6. Что такое Вирилокальность? https://diclist.ru/slovar/istoricheskiy/v/virilokalnost.html
  7. Исторический словарь Уксорилокальность https://my-dict.ru/dic/istoricheskiy-slovar/2079658-uksorilokalnost/
  8. Народы и религии мира http://cult-lib.ru/doc/dictionary/peoples-and-religions/fc/slovar-196.htm
  9. Амбилокальность – Исторический словарь https://vslovare.info/slovo/ambilokalnost