Мазмұнға өту

Орду

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Орду (қала) – Түркиядағы қала және аудан. Орду илінің әкімшілік орталығы. [1].

Қара теңізінің жағалауындағы порт. VIII ғасырда Котиора атауымен Қара теңізінің жанында Милет колониясы ретінде құрылады. 1800 жылға дейін понти гректері мекен еткен кіші қала болады. Осман империясының көшпелі түрік тайпаларын қоныстандыру саясатына сәйкес қалаға түріктер қоныстандырылып, қала халқы күрт өсе түседі. 1877 жылы орыс-түрік соғысынан кейін қалаға Кавказдан және Грузиядан ауған босқын түріктер қоныстана бастайды. Қазіргі кезде қала тұрғындарын Кавказдан қоныс аударған этникалық түріктер, мұсылман армяндары (хемшил), мұсылман грузиндері (чвенебури), сонымен қатар этникалық гректердің ұрпақтары құрайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B4%D1%83