Перл Бак

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Перл Бак
Pearl Sydenstricker Buck

Перл Бак 1932жылы
Туған кездегі есімі

Перл Комфорт Сайденстрикер

Лақап аты

Pearl S. Buck (Перл С. Бак) және
John Sedges (Джон Седжес)

Туған күні

26 маусым 1892 (1892-06-26)

Туған жері

Хилсборо, Батыс Виргиния штаты

Қайтыс болған күні

6 наурыз 1973 (1973-03-06) (80 жас)

Қайтыс болған жері

Денби, Вермонт штаты

Азаматтығы

 АҚШ

Мансабы

аудармашы, романист, автобиограф, құқық қорғаушы, сценарист, журналист, балалар жазушысы, романист, миссионер

Шығармашылық жылдары

1930-1969

Жанры

роман, өмірбаян

Шығармалардың тілі

Ағылшын, Қытай(мандарин) тілдерінде

Дебюті

Шығыс жел, Батыс жел (1930)

Марапаттары

1932 ж. Пулитцер сыйлығы, 1938 ж. Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы

Сыйлықтары

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы (1938) Ұлттық әйелдер даңқы залы (1973) Хорейшо Алжир сыйлығы (1964)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Перл Бак (ағылш. Pearl Sydenstricker Buck; қытайша аты 赛珍珠, Sai Zhēnzhū; 26 маусым 1892 - 6 наурыз 1973) — американдық жазушы, Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері. Миссионердің қызы, ол балалық және жасөспірім кезеңдерін Қытайда, оған өз шығармаларын жазуға түрткі болған елде өткізді.[1][2]

1938 жылы ол «Қытай шаруаларының өмірін көп қырлы, шынайы эпикалық сипаттағаны үшін және өмірбаяндық шедеврлері үшін» Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Перл Сейденстрикер 1892 жылы 26 маусымда Батыс Виргиния штатындағы Хиллсборо қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы миссионер болған және үйлену тойынан кейін бірден Қытайға кеткен, бірақ Америкаға Перлдің анасы жүкті болған кезде оралған. Перл үш айлық болғанда, отбасы Қытайға оралып, Нанкинге жақын орналасты.

Қытайдағы көтерілістен кейін шетелдіктер үшін бұл елде болу қауіпті болып, көптеген адамдар Қытайдан кетіп қалды. Перлдің әкесі қалуға шешім қабылдап отбасымен бірге Шанхайға көшті.[3]

Жазушы Қытайдағы Мисс Джуэлл мектебінде оқыды, бірақ кейін сыныптастарының нәсілшілдік көзқарасы үшін кетіп қалды. Перл ағылшынша, қытайдың жергілікті диалектісінде және классикалық қытай тілінде еркін сөйлейтін.[4] Осы кезеңде Перл көп оқыды, атап айтқанда Чарльз Диккенстің еңбектерін сүйіп оқыды, оны әкесі құптамады.

1911 жылы Перл АҚШ-қа кетіп, Вирджиниядағы әйелдер колледжінде оқыды. 1914 жылдан 1933 жылға дейін ол миссионерлік қызметті жүзеге асырды, бірақ кейін оның көзқарасы өзгере бастады және миссионерлік қызметтен бас тартты.

1914 жылы Перл Қытайға оралды. Онда ол миссионер Джон Бакпен 1917 жылы мамырда үйленді, содан кейін олар Сучжоуға көшті. Ол бұл саланы өзінің «Жер» және «Ұлдары» кітаптарында сипаттаған.

1920 жылы олар Нанкиндегі университет қалашығына қоныстанды, онда екеуі де оқытушылар болды. 1921 жылы жазушының анасы қайтыс болды. 1924 жылы Перл жұбайымен АҚШ-қа оралды, онда Перл Корнелл университетінде магистр дәрежесін алды. 1925 жылы Перл Дженис есімді қызды асырап алды, ал күзде отбасы Қытайға кетті.

Соғыстың басынан бастап, ол американдық әскерлер оларды құтқармас бұрын, отбасымен кедей қытайлардың үйлерінде жасырынуға мәжбүр болды. Осылайша, Перл Шанхайға, одан Жапонияға көшіп келді. Перл Жапонияда отбасымен ол бір жыл болды, бірақ содан кейін қайтадан Қытайға оралды. 1927 жылдан бастап, ол Қытайда болған кезде, өзін толығымен әдеби қызметке арнады. Әдебиет ол үшін өзін-өзі көрсету құралы әрі ақша табудың әдісі болды, өйткені оның некесі бұзылып, қызы ауыр науқасқа душар болды. 1929 жылы Перл АҚШ-қа қайта оралды. Нью-Йорктегі баспагер Ричард Уолш Перлдің «Шығыс жел, Батыс жел» кітабын қабылдады. Перл «Жер» романын аяқтау үшін Қытайға қайта оралды, 1934 жылы ол Америкаға оралды және Қытайға ешқашан келмеді.

1935 жылы жазушы бірінші күйеуімен ажырасып, Ричард Уолшқа үйленді. Өмірінің соңына дейін Перл Пенсильванияда күйеуімен бірге тұрды. Ол 1973 жылы наурызда Өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болды.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Автобиографиялары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]