Поп-арт
Поп-арт (ағылш. рор аrt - көпшілік өнер) - 20 ғасырдың 50 жылдары ортасында пайда болған ағылшын-американдық өнердін бір бағыты. Оның теор. негізгі прагматизм эстетикасы болып табылады ("өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек"). Бірқатар сыншылар Поп-артты абстракционизмге реакция ретінде қарастырады. Поп-арт теоретиктері әрбір бұйым белгілі бір контексте өнер туындысына айналады, өзінің алғашқы мағынасынан ажырап, көркемдік сапаға ие болады деп санайды. Заттық дүниені эс-тетизациялау Поп-арттың үстанымына айналған. Поп-арт - бұл тұрмыстық бұйымдардың композициясы. Кейде олар муляжбен (заттың бітімін дәл беретін бедер) немесе мүсінмен ұштасуы (бірлесіп бейнеленуі) мүмкін.Оның теориялық негізі прагматизм эстетикасы болып табылады: өнер тілі іс жүзінде қолдануға пайдалы болуы керек. Көркем бағыт ретінде Поп-арттың көптеген түрлері бар. Поп-арт (көркем ұйымдастырылған оптик. әсерлер, геометрияландырылған тұзу сызықтар мен дақтардың комбинациясы); Эл-арт (электромотор көмегімен қозғалатын бұйымдар мен констукциялар); Поп-арт терминін 1965 ж. ағылшын көркемөнер сыншысы Ф.Элоуэл енгізді. Бұл бағыт сәуегейлік мәдениеттің ең көп таралған құбылыстарының бірі. Поп-арт ағымының өкілдері: П.Блейк, Р.Смит, Р.Раушенберг, Э.Уорнхолл, Д.Сигал, т.б.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|