Прерия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Альбертадағы прерия (Канада)

Прерия[1] (француз тілінде praіrіe, латын тілінде partum — шалғындық) — Солтүстік Американың орталығы бөлігіндегі үстіртті жазық өңір. Теңіз деңгейінен 500 — 1500 м биіктікте. Солтүстігінде Саскачеван өзенінің орта ағысынан оңтүстігінде Ред-Ривер өзенінің жоғарғы ағысына дейін, батысында Ұлы жазықтардан шығысында Мичиган көлінің оңтүстік жиегіне дейін созылып жатыр. Батысында Сеңгір таулары орналасқан. Прерия Солтүстік Американы мұз басуы және адамның орманды орынсыз кесуі салдарынан пайда болған. Солтүстігінде қара, оңттүстігінде қызғылт-қоңыр топырақ басым. Климаты континенттік; солтүстігін қоңыржай, оңттүстігін субтропиктік климаттық белдеу алып жатыр. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде — 20ӘС, оңттүстігінде 7ӘС, шілдеде 17 — 28ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері шығысында 900 мм, батысында 600 мм. Прерияда негізінен бозшағыл, айрауық, боз, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер басым өскен және олардың биіктігі 1,5 м-ге дейін жетеді. Солтүстігінде көктерек, тал, қайың, қарағай шоқ ормандары, оңтүстігінде емен, жаңғақ, терек, т.б. өседі. Прерияның барлық өңірі егіншілікке пайдаланылады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қазақ энциклопедиясы
  1. Қазақстан энциклопедиясы, VII-том