Хитин
Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді (буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) және саңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың жасуша қабырғаларының құрамдас бөлігі. Хитиннің түзу сызықты (тармақталмаған) полимерлері N-ацетил-D-глюкозамин қалдықтарымен, Ґ-1,4-гликозидті байланыстарымен жалғанған. Бұлар буынаяқтылардың кутикуласында белоктар, пигменттер және кальций тұздарымен қосылып, күрделі кешендер түзеді. Омыртқасыз жануарлардың тек кутикуласында ғана емес, сондай-ақ өзге қаңқалық құрылымдарында да кездесе береді. Хитин молекулалары, целлюлоза молекулалары тәрізді молекуладан жоғары (жоғары дәрежеде реттелген) құрылымдар түзеді, сондықтан суда ерімейді. Хитиназа және лизоцим ферменттерінің әсерінен ыдырайды. Организмдердің Хитинді биолгиялық синтездеуге қабілеттілігі — маңызды биохимиялық белгі болып саналады.[1]
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |