Шиқан
Көрініс
Шиқан не сыздауық (лат. furunculus)- түк түбі қалтасының және онымен байланысты май бездерінің (айналасындағы терісімен қоса) қабынып, іріңдеуі. Іріндеткіш микробтардан пайда болады. Шиқанның пайда болуына терінің үнемі кір болуы, жарақаттануы (кесіп алу, терінің сыдырылып қалуы, қажалуы), майлылығы, тершендік т.б әсер етеді. Шиқан көбіне терінің түкті жеріне, мойынға, бетке, белге шығады. Шиқанды ихтиол майы жағылған стерилденген дәкемен таңып қою керек. Зақымданған жердің айналасын камфора немесе салицил спиртімен сүрту қажет. Шиқан біліне бастағанда-ақ дәрігерге көріну керек, өйткені кей жағдайда хирургиялық көмек қажет болады. Шиқанды қолмен сығып немесе жаруға, қыздыратын компресс қоюға болмайды, мұндайда ол асқынып кетуі мүмкін.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — медицина бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |