Селбесу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
мутуализм
комменсализм
паразит

Селбесу (Симбиоз; грек, symbiosis — бірге тұрушылық) — әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің тұрақты бірге тіршілік етуі.


Бұл кезде екі организм де (симбионт) немесе олардың біреуі сыртқы ортамен қатынаста артықшылық алаңы. Селбесу — кең үғым, бұған өзара көмек көрсететін қатынасты да (мутуализм, комменсализм) және иесі мен паразит үзақ уақыт бірге тіршілік ететін паразитизмді де жатқызады. Бұл терминді А.де Бари ұсынды (1879).[1]

Жануарлардағы симбиоз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола алады; Олардың ас қорыту жолдарында талшықтылар мекендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректенуге қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар жүзеге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.

Өсімдіктердің арасындағы симбиоз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5