Сан-Томе және Принсипи
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы República Democrática de São Tomé e Príncipe | |||||
| |||||
Әнұран: «Independência total» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 12 шілде 1975 жыл (Португалиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | португал тілі | ||||
Елорда | Сан-Томе | ||||
Ірі қалалары | Сан-Томе, Триндади, Невеш | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Эваристу Карвалью Жоржи Бом Жезуш | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 171-ші орын 1 001 [1] км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2012) • Тығыздығы |
▲ 199 910 адам (178-ші) 178 739 адам 199,7 адам/км² (69-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
685 млн.[2] $ 3,220[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
355 млн.[2] $ 1,668[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,589[3] (орташа) (143-ші) | ||||
Валютасы | Сан-Томе және Принсипи добрасы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .st | ||||
ISO коды | ST | ||||
ХОК коды | STP | ||||
Телефон коды | +239 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC±00:00 және Africa/Sao_Tome |
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы (порт. República Democrática de São Tomé e Príncipe [sɐ̃ũ tu'mɛ i 'pɾı̃sɨpɨ]) — Орталық Африканың батыс жағалауындағы Сан-Томе және Принсипи аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001 км², астанасы — Сан-Томе қаласы.
Халқы 160 мың (2000), негізінен африкалықтардан және португалдардан тұрады
- Ресми тілі — португал тілі
- Тұрғындарының 80%-ға жуығы католиктер, қалғандары протестанттар
- Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр
- Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық халықтық жиналыс (бір палаталы парламент)
- Әкімшілік жағынан 2 провинцияға бөлінеді
- Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 12 шілде (1975).
- Ақша бірлігі — добра
- Сан-Томе және Принсипи БҰҰ-ның (1975), Африка Одағы ұйымының (1975) мүшесі.
Сан-Томе және Принсипи - ең кішкентай португал тілінде сөйлейтін мемелекет.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы - аймақ бойынша, Африкада Сейшель аралдардан кейін ең кішкентай мемелекет. Сан-Томе және Принсипенің аралдары Габонның солтүстік-батыс жағалауынан шамамен 300 және 250 шақырымдай экваторлық Атлантикада орналасқан. Сан-Томе және Принсипи жері негізінен базальт қабаттарынан түзілген Сөнген вулкан конустары (ең биік жері 2024 м, Сан-Томе аралында) жақсы сақталған. Бұлардың кратерлерінде шағын көлдер пайда болған. Принсипи аралының климаты экваторлық, ылғалды келеді. Сан-Томе аралында экваторлықтан бірте-бірте жаңбырлы және қуаң маусымдары кезектесіп отыратын тропиктік климатқа ауысады. Жыл бойғы орташа температура 23° – 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000 — 3000 мм. Көпшілік жерінде ылғалды экваторлық қалың орман өседі. Өзен сағаларында мангралық өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жануарлар дүниесі бай емес. Ормандарда маймылдар — гверец, дрил, макака бар. Құстың көптеген түрі кездеседі. Әр түрлі тасбақа, хамелеон, жыландар, сондай-ақ шаянтәрізділер және моллюскалар тіршілік етеді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сан-Томе және Принсипиді 1471 ж. португалдар өз иелігіне айналдырды. 15 — 16 ғ-ларда Анголадан, Мозамбиктен, Жасыл Мүйіс аралдарынан қант плантацияларында жұмыс істету үшін африкалық құлдар көптеп әкелінді. 16 — 17 ғ-ларда Сан-Томе аралы Африка, Вест — Үндістан және Бразилия аралығындағы құл саудасында маңызды өтпелі база болды. Жергілікті тұрғындар португал отаршыларына қарсы 16 ғ-дың басында-ақ күреске шықты. Бұл көтерілістер әр түрлі үзілістермен 1953 жылға дейін созылды. Бірте-бірте бұл көтерілістер ұйымдасқан сипат алып, ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Азаттық қозғалысын 1960 ж. құрылған Сан-Томе және Принсипиді азат ету к-ті басқарды. 1974 ж. қарашада қозғалыс делегациясы мен португал үкіметінің өкілдері Сан-Томе және Принсипиге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды. Сол жылы өтпелі үкімет құрылды. 1975 ж. 12 шілдеде Ұлттық жиналыс Сан-Томе және Принсипиді тәуелсіз демократиялық республика деп жариялады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сан-Томе және Принсипи өнеркәсіп салалары дамымаған аграрлы ел. Ұлттық табыстың көпшілік бөлігі а. ш-нан түседі. Экономикасы елдің бұрынғы метрополиясы Португалиямен тығыз байланысты. Басты дақылдары мен жемістері — какао, кофе, майлы және кокосты пальма, банан. Елдің ішкі қажеті үшін тары, маниок, жүгері, ямс егіледі. Мал шаруашылығы, егіншілікке қосалқы рөл атқарады. Балық ш. дамыған. Теңізден тасбақа, сегізаяқ, ұлу, т.б. ауланады. Экспортқа какао, кофе, банан, пальма майын шығарады. Импортының негізін өнеркәсіп, мұнай және тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, электроника құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1000 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, ГФР, Нидерланд, Қытай.
Ішікі Политикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1972 жылы Африка Одағы Ұйымы MLSTP / PCD-ті мойындады, бірақ 1975 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Сан-Томе мен Принсипи Португалия арқылы сыртқы байланыстарды жүзеге асырды. Тәуелсіздік танылғаннан кейін Сан-Томе мен Принсипи Шығыс блокпен қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, бірақ көрсетілген көмек көлеміне қанағаттанбау бұл елді басқа одақтастар іздеуге мәжбүр етті. Нәтижесінде Сан-Томе және Принсипи президенті Мануэль Пинто да Костаның Габон президенті Омар Бонгомен кездесуі елдер арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына әкелді. Мануэль Пинто да Коста да сыртқы істер және жоспарлау министрлерін ауыстырды, өйткені екеуі де солшыл саясаткерлер болды. Сан-Томе мен Принсипидің Батыс әлемінің көмегіне толықтай дерлік тәуелділігі, кеңестік көмектің жеткіліксіздігінен және африкалық көршілермен қарым-қатынастың жақсаруынан көңілі қалуымен бірге сыртқы саясаттың қайта бағдарлануына ықпал етті [12].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ministério Dos Negócios Estrangeiros e Comunidades da República Democrática de São Tomé e Príncipe.
- ↑ a b c d São Tomé and Príncipe. International Monetary Fund. Тексерілді, 17 сәуір 2013.
- ↑ 2016 Human Development Report. United Nations Development Programme (2016). Тексерілді, 21 наурыз 2017.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Сан-Томе және Принсипи |
Үкімет сайттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы Президентінің ресми сайты (порт.)
- Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы Ұлттық жиналысының ресми сайты (порт.)
- Ұлттық статистика институты Мұрағатталған 13 қарашаның 2009 жылы. (порт.)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |