Сығылу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сығылу - заттың біркелкі сыртқы қысым әсерінен көлемін өзгерту қасиеті. Сығылу коэффиценті сығылудың негізгі сипаттамасы болып табылады және мына формула көмегімен анықталады:

Бұл жерде - зат көлемі, - қысым

Сығылу коэффицентін біркелкі сығу коэффиценті деп те атайды. Берілген формуладан заттың сығылу коэффиценті мен тығыздығын байланыстыратын формула шығады:

Заттың сығылу коэффиценті сығылу болып жатқан процеспен тығыз байланысты. Осылайша, изотермалық процестерде температураның өзгерісі орын алуы мүмкін. Сондықтан, әр процеске сәйкес сығылу коэффиценті анықталады.

Изотермиялық процесс үшін изотермалық сығылу коэффиценті енгізіледі:

Бұл жердегі индексі жеке туынды тұрақты температурада алынатындығын білдіреді.

Адиабаталық процесс үшін адиабаталық сығылу коэффиценті енгізіледі:

Бұл жердегі энтропияны білдіреді (яғни адиабаталық процесс тұрақты энтропияда өтеді).

Сығылу коэффицентіне кері шама иілгіштіктің көлемдік модулі деп аталады және әрпімен белгіленеді.

Сығылу теңдеуі изотермиялық сығылу коэффиценті мен қысымды сұйық түрімен байланыстырады.

Адиабаталық сығылу коэффиценті изотермиялық сығылу коэффицентінен әрдайым аз болады. Сол себепті:

Бұл жерде - заттың тұрақты көлемдегі жылусыйымдылығы, - заттың тұрақты қысымдағы жылусыйымдылығы.