Техника

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ньюкоменнiң бу машинасы

Техника (гр. tесһnе-өнер, шеберлік) — өндірістік процестерді жүзеге асыру және қоғамның өндірістік емес мұқтаждарына қызмет көрсету мақсатында адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде жасалған құралдар жиынтығы.

Кейде іс-әрекеттің қайсыбір түріндегі дағдылар мен тәсілдер де техника деп аталады.

Техника адамның еңбегін жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, қоғамның мұқтажына қарай табиғатты түрлендіруге мүмкіндік береді. Техника еңбек құралдарын өзгерту; энергия өндіру, тарату және түрлендіру; қоғам мен табиғаттың даму заңдарын зерттеу; адамдардың кеңістікте қозғалуы және өзара байланыс жасауы; ақпарат жинақтау, тарату және өңдеу; қоғамды басқару; тұрмыстық қызмет көрсету; соғыс және қорғаныс мақсаты үшін қолданылады. Пайдаланылу мақсатына қарай техника өндірістік, әскери, тұрмыстық, медициналық, ғылыми зерттеулерге арналған, білім беру, мәдени және т.б. түрлерге ажыратылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 11 том