Терте
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Терте немесе джойстик (ағылш. joystick) — компьютерге қосылуға болатын және тиісті батырмаларды басу арқылы оған ақпаратты жіберетін құрылғы. Экран курсорымен басқарылатын және берілген тапсырманың графикалық жүйедегі координатын көрсетуге арналған иінді манипулятор. Компьютерлік ойындарда тінтуір орнына қолданылады.
Тік және көлденең қозғалу қабілеттілігінің арқасында ол компьютерге бір мезгідде екі мәнді енгізеді. Электрондық ойындарда, сондай-ақ графикалық кескіндерді салуда және ақыл-ойы кем балаларды оқыту кезінде кеңінен қолданылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника. А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |