Тимор теңізі
Тимор теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 432 мың км² |
Тереңдігі | 3300 м |
Орташа тереңдігі | 435 м |
Орналасуы | |
11°32′03″ о. е. 126°01′35″ ш. б. / 11.53417° о. е. 126.02639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 11°32′03″ о. е. 126°01′35″ ш. б. / 11.53417° о. е. 126.02639° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Тимор теңізі Ортаққорда |
Тимор теңізі (Tіmor Sea) – Үнді мұхитының жағалық теңізі. Австралия мен Тимор аралы аралығында жатыр. Аудандық 432 мың км², суының көлемі 188 мың км3. Су айдынының жартысынан астам бөлігінің тереңд. 200 м-ден аспайды, ең терең жері – Тимор шұңғымасы (3310 м). Қыста Батыс Австралия ағысының шығыс тармағы, жазда оған қарама-қарсы Оңтүстік экватор (пассат) ағысының ықпалы күшейеді. Беткі су температурасы ақпанда 29°С, тамызда 25°С, тұзд. 34 – 35‰. Толысу толқындары жарты тәуліктік, 3 – 4 м-ге дейін көтеріледі. Балықтардан сардинелла, теңіз алабұғасы, ханос, циклотон, ұшқыш балық, т.б. және акула, кашалот, көк кит бар. Маржанды рифтер (Ашмор, Хайберния т.б.) кездеседі. Қрі аралдары: Бонапарт топаралы, Батерст, Мелвилл аралдары. Оңтүстігінде Дарвин (Австралия) порты орналасқан.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |