Төбе
Төбе – археологияда ежелгі қоныстар мен ортағасырлық қалалардың, елді мекендердің орындарында қалыптасқан жасанды биіктік. Басқаша айтқанда адам тіршілігінің әсерінен қалыптасқан мәдени қабаттар үйіндісі. Ондай төбелер үйлердің жарамсыз бөлігін бұзып, орнын тегістеп, үстіне жаңа үй тұрғызудың бірнеше дүркін қайталануы барысында қалыптасқан. Сыртқы пішіні мен өзіндік ерекшеліктеріне қарай жергілікті жұрт төбелерге әр түрлі ат беруі мүмкін.
Қазіргі елді мекендерге жақын маңнан жиі кездесетін Ақтөбе, Қаратөбе, Алтынтөбе, Күлтөбе, Төрткүлтөбе, Жуантөбе деп келетін көптеген төбелер бір кездегі мекендердің орындары. Олардың биіктігі ол жерді адам баласы қанша уақыт мекен еткеніне қарай 1 м-ден 20 м-ге дейін болып келеді. Мысалы, Отырартөбенің биіктігі 18 м-ден астам. Осындай төбелердің көпшілігі жазба деректерден аттары таныс қалалардың қираған орындары екендігі анықталған. Мысалы, Иасы қаласының орны – Күлтөбе, Қарашық қаласының орны – Төрткүлтөбе, ежелгі Сауранның орны – Қаратөбе екендігі анықталған. Ел ішінде жерлеу ескерткіштерін де төбе деп атау жиі кездеседі. Мысалы, Жетітөбе, Мыңтөбе, Бестөбе, т.б. Мұндай Төбелер сақ, үйсін, түркі дәуірлерінің қорымдары болады. Бұл Төбелер археол. ескерткіш ретінде сақталып, әлі қазба жұмыстары жүргізілмеген төбелерді тегістеуге, оның үстінен жол жасауға мемлекет тарапынан тыйым салынған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |