Уақыт
Бірлік | Өлшемі | Дерек |
---|---|---|
наносекунд | 0,000000001 секунд | |
микросекунд | 0,000001 секунд | |
миллисекунд | 0,001 секунд | |
секунд | SI іргелі бірлігі | |
минут | 60 секунд | |
сағат | 60 минут | |
күн | 24 сағат | |
апта | 7 күн | |
ай | 28—31күн | |
тоқсан | 3 ай | |
жыл | 12 ай | |
жалпы жыл | 365 күн | 52 апта + 1 күн |
кібісе жыл | 366 күн | 52 апта + 2 күн |
тропиктік жыл | 365,24219 күн | орта есеппен |
Грегориус жылы | 365,2425 күн | орта есеппен |
олимпиада | 4 жылдық оралым | |
бесжылдық (lustrum) | 5 жыл | |
онжылдық | 10 жыл | |
мүшел | 12 жыл | |
индиктион (Indiction) | 15 жылдық салық оралымы | |
жиырмажылдық (score) | 20 жыл | |
ұлы мүшел | 60 жыл | |
ғасыр | 100 жыл | |
мыңжылдық | 1000 жыл |
Уақыт (ағылш. time) — дүние-өмірдегі түрлі оқиғалар болмысының жалғасымды тізбегін, ілгері-кейін ретін білдіретін қайтымсыз сабақтастық болып, ол өткеннен келеді, қазірді басып өтеді, болашаққа бағытталады.[1][2][3] Түрлі өлшемдердің құрамдас мөлшері ретінде уақыт оқиғалардың ретін, ұзақтығын, және олар арасындағы интервалдарды сипаттауға қолданылады, әсіресе материалдық қозғалыс-өзгерістер мен саналы тәжірибенің сандық өзгеріс шамасын өлшеуде уақыт ұғымының маңызы ерекше.[4][5][6][7]
Уақыт ұзындық, кеңдік және биіктік сынды үш өлшемді кеңістік пен қатар төртінші өлшем деп аталады.[8]
Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды. Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі. Готфрид Лейбниц пен Иммануил Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.
Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.
«Қашан: мінсіз уақыттың ғылыми құпиялары» (When: The Scientific Secrets of Perfect Timing) кітабының авторы Дэниел Пинкпен былай дейді: "Уақыт туралы ғылымның ең маңызды түсініктерінің бірі - біздің когнитивті қабілеттеріміз күн бойы тұрақты түрде бірдей болмайды. Олар өзгереді - болжаулы түрде және кейде тіпті тосын түрде. Сондықтан дұрыс жұмысты өз уақытында жасаудың маңызы зор. Біздің көпшілігімізде әрбір күні қырағылық, терең зейін қою және алаңдататын нәрселерден арылу қабілетіміз жоғары болатын кезең болады ».
Әлемдік уақыт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінгі қоғамдарда уақытты өлшеудің маңыздылығы сонша, ол халықаралық деңгейде қадағаланады. Ғылыми уақыт негізі ретінде Халықаралық атомдық уақыт (TAI) есіміммен белгілі, әлемдік атомдық сағатқа негізделген үзіліссіз секундтар есебі болып табылады. Бұл азаматтық уақыттар негізі - Ғаламдық уақыт бақылауды (UTC) қоса барлық басқа уақыт өлшемдердің іргелі нұсқасы болып табылады. Жер әлденеше уақыт аймақтарына бөлінеді. Бұлардың көбісінің бір-бірінен 1 сағат айырмасы бар, және шартты түрде жергілікті уақыттың ҒУБ-дан немесе Гринвич орта уақытынан айырмасын көрсетеді. Көп аймақтардың бұл айырмашылықтары жылына екі рет күндізгі уақыт үнемдеуге өтуінен себебінен өзгеріп тұрады.
Физика ғылымдарындағы уақыт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ньютон дәуірінен Альберт Эйнштейнге дейін уақыт пен кеңістікке байланысты ұғымдар терең қарастырылған, уақыт барлығына бірдей “абсолютті” және “бірқалыпты” (Ньютон сөзі) ағады деп есептелді. Классикалық механика ғылымы Ньютонның осы ойына негізделеді.
Бүгінгі физика уақыт түсінігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XIX ғасыр соңына қарай электризм мен магнетизмге байланысты физиктер классикалық уақыт мағынасынан қиындықтар көре бастады. Альберт Эйнштейн бұл мәселені сағаттарды тұрақты шама, белгінің ең үлкен жылдамдығы – жарық жылдамдығын, пайдаланып синхрондау тәсілімен шешеді. Бұл тікелей уақытты, бір-бірімен салыстырғанда қозғалмалы әр-түрлі байқаушылар үшін, әр-түрлі жылдамдықпен жүреді дегенді қорытады.
Уақытты пайдалану
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уақытты пайдаланудың адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор. Уақытты пайдалануды зерттеу – жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады. Уақыт менеджменті дегеніміз - тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру. Календарлар мен күнделіктер осыған мысал бола алады.
Кешігу уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кешігу уақыты - тежеу баспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап тежегіш күшінің көбейе бастайтын сәтіне дейінгі мерзім.
Бәсеңдеу ұлғаю уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бәсеңдеу ұлғаю уақыты - көлік құралының тежегіш тетікгерінің іске қосудан тежеу күшінің көбеюінің басталуынан аякталуына дейінгі уақыт мерзімі.
Жүкті тиеу-түсіру уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүкті тиеу-түсіру уақыты- жүк автомобилінің жүкті арту мен жүгін түсіру кезіндегі уақыт.
Екпіндеп қозғалу уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Екпіндеп қозғалу уақыты- басталқы белгіден соңғы белгіге дейінгі жылдамдықтың екпіндеп өзгеру уақыты.
Тежеуді саябырлату уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тежеуді саябырлату уақыты - тежегіш тетіктерінің тежеу күшінің азаюының басталуынан аяқталуына дейінгі уақыт.
Жүргізушінің әсерлі серпіліс уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүргізушінің әсерлі серпіліс уақыты – жүргізушінің сигналды қабылдауынан бастап, оның басқару орғандарына басқару әсері басталғанға дейінгі уақыт.
Тежеуіштердің іске қосылу уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тежеуіштердің іске қосылу уақыты - тежеу баспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап, тежегіш күшінің көбеюінің аяқаталғаныңа дейінгі уакыт.
Тежелу уақыты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тежелу уақыты - тежеубаспасына (немесе иінге) басу уакытынан бастап, тежегіш күшінің әсерінен тежегіш күшінің толығымен жойылуына немесе көлік құралының тоқталуына дейінгі уақыт.
Уақыт өлшем бірліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үлкен және кіші уақыт аралықтарын өлшеу үшін астрономиялық кұбылыстармен тығыз байланысты табиғи бірліктер колданылады.
Уақыттың негізгі бірліктері — астрономиялык бакылау бойынша анықталған тәулік, ай және жыл. Бұлардың алғашқысы күн мен түннің алмасуына, екіншісі Ай жүзінің (фазасының) өзгеруіне, ал соңғысы жыл маусымдарының ретті түрде алмасуына байланысты.
Бұлардың әрқайсысы, әрине, аспан денелерінің қозғалысына (кәрінерлік жәнө нақты) негізделген.
Тәулік
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тәулік дегеніміз — Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт аралығы. Мұндай дене ретінде Күн немесе кез келген жұлдыз алынуы мүмкін. Олай болса, біз күн тәулігі және жұлдыз тәулігі деген ұғымдармен танысуымыз кажет болады.
Нақты және орташа күн тәулігі. Күн шарығының (дискісінің) орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сөті нақты тал тус деп, ал төменгі шарықтауы нақты т ортасы деп аталады.
Күннің екі аттас шарықтау аралығы нақты күн тәулігі деп аталады. Бірақ мұндай тәуліктің ұзақтығы жыл бойы тұрақты болмайды. Бұл Күннің кәрінерлік қозғалысы экватор емес, эклиптика бойымен болуынан әрі біркелкі еместігінен туындайды. Сондықтан күнделікті өмірде ұзақтығы тұрақты 24 сағ болатын орташа тәулігі пайдаланылады.
Орташа күн тәулігі ретінде аспан экваторы бойымен бірқалыпты қозғала отырып, бір жылда толық айналым жасайтың жорамал нүктенің (бұл нүкте орташа Күн деп аталады) аттас екі рет шарықтауға қажет уақыт аралығы қабылданады.
Күн тәулігінің басы түн ортасынан, яғни Күннің төменгі шарықтауынан басталады.
Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күннің аспан меридианы арқылы өту сәті, әрине, бақылаушы орнының географиялық бойлығына төуелді. Бақылаушы шығысқа карай жылжыған сайын Күннің меридианнан өтуі батыстағымен салыстырғанда ертерек болады. Демек, Күннің меридиан аркылы ету сәті бізге жергілікті орынның күн уақытың береді. Жоғарыдағы тәсілмен анықталған уақыт тек берілген географиялық меридианда ғана колданылатындықтан, күнделікті өмірде белдеулік уақытты колдану ыңғайлы. Бұл үшін Жер беті полюстерді қосатын сызықтар кемегімен 24 сағаттық белдеулерге бөлінген. Әр сағаттык белдеу бойлық бойымен 15°-қа созылады. Әр белдеудің ішінде оның орталық меридианындағы орташа күн уақыты осы аймақтың белдеулік уақыты ретінде алынады.
Гринвич обсерваториясы (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші меридиан ретінде кабылданған және ол белдеу нөлінші сағаттық белдеу болып табылады. Гринвич меридианындағы
жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақыт ретінде кабылданган. 1-сағаттық белдеудің (п = 1) орталык меридианы Гринвич меридианынан 15° шығысқа карай орналаскан. Басқа сағат белдеулерінің де бастапқы меридиандары осылай аныкталады.
Ал олардың екі жақ шекаралары мемлекеттік және әкімшілік шекаралары бойынша немесе табиғи аймақтармен (өзен, тау жоталары) бөлінген. Қазақстан Республикасының аумағы аркылы
4- және 5-сағаттық белдеу әтеді.
156 Бүкіләлемдік уақытты (Т0) және берілген орынның белдеуінің реттік санын (п) біле отырып белдеулік уакытты табу оңай:
1930 жылы көктемде үкімет декреті бойынша КСРО аумағында декреттік уақыт ендірілді: барлык сағаттық белдеулерде сағат тілі түрақты түрде бір сағатқа ілгері жылжытылды. Кейбір елдерде декреттік уақытты жаз айларында тағы 1 сағ ілгері жылжыту қабылданған. Алматы және Астана уакыты (5 сағаттық белдеу) бүкіләлемдік уақыттан 6 caғат алда.
Географиялық бойлығы X болатын орындағы Т. жергілікті орташа күн уақыты бүкіләлемдік уақытқа сол бойлыктың уақыт бірлігіндегі мәнін косу арқылы анықталады: Т. = Т0 + X.
Жұлдыздық уақыт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кез келген жұлдызды таңдап алып, оның аспандағы орнын Жердегі козғалмайтын бір нәрсе (үй бұрышы, бағана) көмегімен белгілеп алайык. Сол жұлдыз нақ сол орынға 23 сағ 56 мин өткенде қайтып оралады. Осылайша жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік жұлдыздың тәулік деп аталады. Дәл айтсақ, жұлдыздың тәулік—күн. мен түннің теңелу 1 нүктесінің қатарынан екі рет жоғары шарықтауына қажет уақыт мөлшері. Ал 4 мин қайда кетті? Жердің Күнді айнала қозғалуы себебі күннің аспандағы орны Жер бетіндегі бақылаушыға Жұлдыздарға катысты тәулігіне аспан сферасының айналу бағытына карама-карсы бағытта 1°-қа ығысып отырады. Оны "қуып жету" үшін Жерге осы 4 мин қажет. Сонымен, Жердің өз осінен айналып шығуына 23 car 56 мин уақыт кетеді. Ал 24 car осы
айналыстың Күнге қатысты уақыты. Адам Күн сағаты бойынша өмір сүреді, жұмыс жасайды. Ал астрономдар өз бақылау жұмыстарын ұйымдастыруда Жұлдыз уақытын қолданады.
Жергілікті Жұлдыз уакыты (S) мен Жұлдыздардың экваторлық координатасы тура көтерілу мәні арасында карапайым байланыс бар. Егер Жұлдыз жоғарғы шарықтауда болса, онда
Демек, кез келген мезетте берілген орындағы жұлдыздың уақыттың мәні осы кезде жоғарғы шарықтауда ориаласқан. жұлдыздың тура көтерілу координатасының мәніне тең. Жер бетіндегі X бойлықтағы Жұлдыздық уақыт (S) пен Гринвич меридианындағы Жұлдыздық уақыт (S0) арасындағы байланыс мына өрнекпен анықталады:
Осыдан біз берілген орынның Жұлдыздық уақытын анықтау арқылы осы орынның географиялық бойлығының мәнін де анықтауға болатынына кез жеткіздік.[9]
Қазақ дәстүрлі уақыт өлшемдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Уақыт өлшемдері. Қас пен көздің арасы-халықтық өлшем. Лезде, тез, жылдам, көзді ашып жұмғанша деген мағынаын білдіреді. Қас-қағым (көзді ашып-жұмғанша) - жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 сек. аралығы. Сүт пісірім-халықтық өлшем, ширек сағат шамасы, шамамен 15 минут. Бие сауымдай уақыт-биенің екі сауымының арасы, бір сағат шамасындағы мезгіл. Таң сәрі-шолпан жұлдызының туған мезгілі. Бозала таң-күн шапағының белгісі, таңның ағара бастауы. Таң ата-күннің ұясынан шығар алдындағы мезгіл. Сәске-күн шығып, арқан бойы көтерілген кез. Ұлы сәске-тал түске жақындаған мезгіл. Тал түс-күннің тас төбеге келуі, яғни, мысалы, қазақтың көлеңкесі оның дәл түбіне түсуі. Сәске түс-шаңқай түс мезгілі немесе күннің қиғаш 45 градуспен түсуі, яғни, мысалы, қазақтың өзінің биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығы теңескен кез. Кешқұрым-күн батқан кез. Түн ортасы- түнгі сағат 12. Түн жарым-түнгі сағат 3. Ат адым-ақпан айындағы күннің ұзаруы, ол 38 минутқа тең. Елік адым-қаңтардың басынан ақпанның аяғына дейінгі аралықтағы күннің ұзаруы, ол 74 минутқа тең келеді. Қарға адым-қаңтар айындағы күннің ұзаруы, ол 36 минутқа тең,
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Oxford Dictionaries:Time. Oxford University Press (2011). — «Өткен, қазір және болашақтағы болмыс пен оқиғалардың шексіз үздіксіз ілгерілеуін тұтас қамтиды. / The indefinite continued progress of existence and events in the past, present, and future regarded as a whole»
- ↑ * Webster's New World College Dictionary (2010). — «1.indefinite, unlimited duration in which things are considered as happening in the past, present, or future; every moment there has ever been or ever will be… a system of measuring duration 2.the period between two events or during which something exists, happens, or acts; measured or measurable interval»
- The American Heritage Stedman's Medical Dictionary (2002). — «A duration or relation of events expressed in terms of past, present, and future, and measured in units such as minutes, hours, days, months, or years.»
- Collins Language.com. HarperCollins (2011). — «1. The continuous passage of existence in which events pass from a state of potentiality in the future, through the present, to a state of finality in the past. 2. physics a quantity measuring duration, usually with reference to a periodic process such as the rotation of the earth or the frequency of electromagnetic radiation emitted from certain atoms. In classical mechanics, time is absolute in the sense that the time of an event is independent of the observer. According to the theory of relativity it depends on the observer's frame of reference. Time is considered as a fourth coordinate required, along with three spatial coordinates, to specify an event.»
- The American Heritage Science Dictionary @dictionary.com (2002). — «1. A continuous, measurable quantity in which events occur in a sequence proceeding from the past through the present to the future. 2a. An interval separating two points of this quantity; a duration. 2b. A system or reference frame in which such intervals are measured or such quantities are calculated.»
- Eric Weisstein's World of Science (2007). — «A quantity used to specify the order in which events occurred and measure the amount by which one event preceded or followed another. In special relativity, ct (where c is the speed of light and t is time), plays the role of a fourth dimension.»
- ↑ "Time". The American Heritage Dictionary of the English Language. 2011. http://ahdictionary.com/word/search.html?q=time. "A nonspatial continuum in which events occur in apparently irreversible succession from the past through the present to the future.".
- ↑ Merriam-Webster Dictionary Мұрағатталған 8 мамырдың 2012 жылы. the measured or measurable period during which an action, process, or condition exists or continues : duration; a nonspatial continuum which is measured in terms of events that succeed one another from past through present to future
- ↑ Compact Oxford English Dictionary A limited stretch or space of continued existence, as the interval between two successive events or acts, or the period through which an action, condition, or state continues. (1971).
- ↑ * Internet Encyclopedia of Philosophy (2010). — «Time is what clocks measure. We use time to place events in sequence one after the other, and we use time to compare how long events last... Among philosophers of physics, the most popular short answer to the question "What is physical time?" is that it is not a substance or object but rather a special system of relations among instantaneous events. This working definition is offered by Adolf Grünbaum who applies the contemporary mathematical theory of continuity to physical processes, and he says time is a linear continuum of instants and is a distinguished one-dimensional sub-space of four-dimensional spacetime.»
- Dictionary.com Unabridged, based on Random House Dictionary (2010). — «1. the system of those sequential relations that any event has to any other, as past, present, or future; indefinite and continuous duration regarded as that in which events succeed one another.... 3. (sometimes initial capital letter) a system or method of measuring or reckoning the passage of time: mean time; apparent time; Greenwich Time. 4. a limited period or interval, as between two successive events: a long time.... 14. a particular or definite point in time, as indicated by a clock: What time is it? ... 18. an indefinite, frequently prolonged period or duration in the future: Time will tell if what we have done here today was right.»
- Physics — Ronald Press. — Vol. 1. — P. 65.
- ↑ Le Poidevin, Robin (Winter 2004). "The Experience and Perception of Time". In Edward N. Zalta. The Stanford Encyclopedia of Philosophy. http://plato.stanford.edu/archives/win2004/entries/time-experience. Retrieved 9 April 2011.
- ↑ "Ньютонның уақытты түсінуі грек геометрлерінің ғарышты түсінгені секілді, ол уақытты дәл өлшенетін өлшемге айналдырды." About Time: Einstein's Unfinished Revolution, Paul Davies, p. 31, Simon & Schuster, 1996, isbn 978-0-684-81822-1
- ↑ Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0
|